Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің аумағын абаттандыру жөніндегі жобаларды үйлестірудің жедел мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысы өтті.
Кезекті басқосуға Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер департаментінің басшысы, ғылыми-әдістемелік кеңестің төрайымы Күміс Қарсақбайқызы, ЮНЕСКО өкілдері, сарапшылар, тарихшылар мен ғалымдар, « Әзірет Сұлтан » мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі, Түркістан қаласы әкімдігінің өкілдері, « Қазқайтажаңарту » кәсіпорны, « Базис-А », «Энвикон-А» құрылыс компаниясы мен сәулетшілер қатысты.
Министрліктің ұйымдастыруымен төртінші рет бас қосқан үйлестіру кеңесінің мүшелері « Әзірет Сұлтан » қорық-музейі аумағындағы тарихи-мәдени орындарды абаттандыру жан-жақты мәселелерді талқылады.