Home Әлеумет Облыстық өнер фестивалі жалғасуда

Облыстық өнер фестивалі жалғасуда

Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының және облыстық Қосымша білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 2021 – 2022 оқу жылындағы жұмыс жоспарыны сәйкес, ел ішінде талантты, өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, талабын қолдап, талантын ашу мақсатында, «Тұлпар мініп, ту алған!» атты облыстық өнер фестивалі бүгін Төлеби ауданы « Ленгер көмекші мектеп -интернаты » КММ мен « Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы » КММ-де (көрме, хор, ән,би, айтыс, домбырашылар ансамблі, сахналық қойлым, т.с.с.) жалғасуда. Аталмыш өнер фестивалінде «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» бөлім меңгерушісі Клара Нығметова Қанбетқызы өнер көрсеткен мектеп-интернаттың тәрбиленуші өнерпаздарының өнерін тамашалап, шәкірттерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс тіледі.