Home Әлеумет « NUR OTAN » НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

« NUR OTAN » НАҚТЫ ІСТЕР ПАРТИЯСЫ

Өздеріңізге белгілі елімізде 2021 жылдың 10 қаңтарында болатын сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде. « Nur Otan » партиясының мәслихат депутаттығына үміткерлер Түркістан қаласындағы « Маржан » ЖШС-нің дәрігерлерімен кездесу өткізді. Жалпы насихаттау жұмысы барысында партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасы толығымен таныстырылды. « Nur Otan » партиясы тарапынан демеушілердің көмегімен бүгінгі таңға дейін қаржылай көмек және жұмысқа орналастыру секілді қолдаулар көрсетілген болатын.
Айта кетейік партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасында 5жыл ішінде 25 мың адамды жұмыспен қамту қарастырылған. COVID-19 жағдайы жұмыспен қамту және халықтың кірісі саласындағы белсенділікті айтарлықтай әлсіретіп, еңбек нарығына түзетулер енгізді. Ең көп зардап шеккендер – біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмысшылар: даяшылар, тазалаушылар, сатушылар, ас үй жұмысшылары және басқалар. Бүгінгі таңда 2491 ашық жұмыс орны бар. Ағымдағы жылы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы 33,8 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған, оның үштен бір бөлігі (13,1 мың адам) «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. «Nur Otan» партиясы тұрақты жұмыс орындарының санын көбейтуге тырысады, осылайша әркім өзін және отбасын лайықты өмір деңгейімен қамтамасыз ете алады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:  өңірде тұрақты жұмыс орындарын құру үшін кешенді шаралар қабылдау арқылы бес жыл ішінде қалада 25 мыңнан астам жұмыс орнын құруға (өндіріс орындарын ашу есебінен орта есеппен жылына 3 мың жаңа жұмыс орны);  еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруға ықпал етеді. Нәтижесінде бес жыл ішінде қалада 25 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

«Nur Otan» партиясы Түркістан қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді