Ағымдағы жылдың 29 сәуірі күні Мақтаарал ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай Мемлекет басшысының « Халық үніне құлақ асатын мемлекет » концепциясын тиімді жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғаларды қабылдады.
Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары көкейтесті мәселелерін қаузап, талап-тілектері мен уәждерін жеткізді.
Көтерілген мәселелердің басым бөлігі білім беру, жол құрылысы және жер қатынастары және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласына байланысты болды.
Департамент басшысының бірінші орынбасары аталған мәселелерді мұқият тыңдап, ақпараттық және құқықтық кеңестерін білдірді.
Айта кетейік, Департамент басшысының бірінші орынбасары облысқа қарасты қала/аудандарда болып, тұрақты негізде халықпен кері байланысу арқылы аталған тұжырымдаманы тиімді жүзеге асырып келеді.