Home Әлеумет «AMANAT»: БӘЙДІБЕК ХАЛҚЫ ПРЕЗИДЕНТ АЙҚЫНДАҒАН БАҒЫТТЫ ҚОЛДАЙДЫ

«AMANAT»: БӘЙДІБЕК ХАЛҚЫ ПРЕЗИДЕНТ АЙҚЫНДАҒАН БАҒЫТТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Алдағы 2 апта мемлекет тарихында елеулі оқиға орын алатын кезең. Осыған орай Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары әлі де жалғасуда. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық штабтың мүшесі Дархан Мыңбай, облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы, партия жанындағы облыстық штаб төрағасы Бейсен Тәжібаев, облыстық мәслихат депутаттары Ерлан Нұрмаханов және Ғабиден Қапалбаев Бәйдібек ауданына барды. Олар 4 ауылда болып, елдегі маңызды өзгерістер туралы жергілікті тұрғындарға түсіндірмелер берді. Ауылдарда өткен 6 кездесуге 195 адам қамтылып, референдум бойынша ақпараттарға қанық болды.

Әуелі Шаян ауылында аудандық мәслихат депутаттары, жаңадан сайланған ауыл әкімдері, сайлау учаскілерінің төрағалары, шағын және орта бизнес өкілдері, ауыл шаруашылық саласының мамандарымен кездесу өтті. Жиындарда халық қалаулысына бірқатар ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ №19 колледждің студенттері және ауданның белсенді жастарымен өткен кездесуде қызықты диалог орнап, жастар өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды.

Түсіндіру тобы Ақбастау ауылының тұрғындарымен кездесіп, Борлысай және Боралдай ауылдарында ардагерлер кеңесінің мүшелерімен келелі сұқбат құрды.

  • Негізгі заңға өзгеріс енгізу, референдум өткізу Қазақстанның жаңа кезеңінің бастауы. Қоғамды толғандырған мәселелер, мемлекеттің дамуына негізделген нормалар толықтай қамтылды деуге болады. Ел болып дауыс беретін болсақ, болашаққа деген сенім артады, өйткені Конституциялық түзетулерде азаматтарға жан-жақты мүмкіншіліктер қарастырылуда, – деді депутат. Ауыл тұрғындары кездесулер барысында Мемлекет басшысы ұсынған бағытты қолдайтындарын білдірді.