Home Әлем ЕУРООДАҚ БРИТАНДЫҚТАРҒА ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ ЕНГІЗБЕК

ЕУРООДАҚ БРИТАНДЫҚТАРҒА ВИЗАСЫЗ РЕЖИМ ЕНГІЗБЕК

Біріккен Корольдік британдық азаматтар Еуроодақ құрамынан шыққаннан кейін олар үшін визасыз режим енгізбек, деп хабарлайды «Хабар 24» сілтеме жасап. Құжатты одақ құрамына кіретін 27 елдің елшілері мақұлдады. Енді бұл мәселе жақын арада Еуропарламентте қайта талқыланатын болады. Жоспар бойынша визасыз режим 2020 жылдың соңына қарай, яғни Ұлыбритания толығымен Еуроодақ құрамынан келісім бойынша шыққаннан кейін енгізілмек. Ал Корольдік одақтан келісімсіз шығатын болса, 2019 жылдың 19 наурызынан бастап енгізілетін болады. Оның өзінде визасыз режим Шенген аумағына кіретін елдер үшін әрі қысқа мерзімді іс-сапарға, яғни 180 күнге ғана ұсынылатын болады. Наташа Берто, Еурокомиссия өкілі: – Былтыр 13 қарашада Еурокомиссия Еуроодақ елдері мен Ұлыбритания арасында визасыз режимді енгізуді ұсынды. Ол британдықтарға Еуропа елдеріне қысқа мерзімге, шағын арадағы іс-сапарға визасыз баруға мүмкіндік қой. Бірақ Лондон да Еуроодақ елдеріне дәл осындай жағдай жасауы тиіс. Осы категория бойынша: « Қытай бейнеойындарды ресми түрде мамандық деп таныды