Home Мәдениет ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БАТА БЕРУДЕН САЙЫС ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА БАТА БЕРУДЕН САЙЫС ӨТТІ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы « Абдул – әкім » орталық мешітінде аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өскелең ұрпақты өз Отанының патриоты болуға үндейтін, жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алып, қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында « Бабаларды еске алу және бата күніне » арналған аудандық бата беру сайысы болып өтті.Ізгі шараға аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Т.Ташева қатысып, жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табыстады.Жалпы сайысқа 9 адам қатысып, олардың ішінен суырылып шыққан Атакент кентінің тұрғыны Қожаев Абдіәкім бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, Еңбекші ауылдық округінен қатысқан Нысанбаев Алтыбайға – I орын, Жамбыл ауылдық округінен қатысқан Қасымбеков Тұрғамбайға – II орын бұйырса, III орынды Жаңа жол ауылдық округінен келген Аманқұлов Жалғас иеленді.