Home Экономика ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЭКСПОРТЫ ҰЛҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының дихандары көршілес елдерге және еліміздің бірнеше өңірлеріне бүгінгі таңға 866 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтіп үлгерді. Оның ішінде ауданның тауар өндірушілері Ресейге 90 тонна азық-түлік өнімдерін экспорттады. Атап айтқанда, аудандағы жылыжайдың отаны деуге болатын Жартытөбе ауылдық округінің шаруалары бүгінгі таңға 52 тонна қырыққабат, 18 тонна көкөніс және 20 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін жөнелткен.Жылыжай шаруашылығының қатары жылдан жылға көбейіп, жалпы көлемі бойынша да, алынған өнімі бойынша да республикада көш ілгері тұр. Бүгінгі таңда ауданда күніне жүздеген келі өнім жиналуда. Дайын өнімдер республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдері мен алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда. Алдағы уақытта ауданда экспорт көлемін ұлғайтуға байланысты тиісті шаруалар атқарылуда.Айта кетейік, Сарыағаш ауданының 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес, аудан бойынша ағымдағы жылы 65,1 мың гектар жерге егін егу межеленген болса, қазіргі таңда 29648 гектар егістік жерге күздік бидай, 5000 гектар арпа, 40 гектар жоңышқа себіліп, 3500 гектар картоп және 4358 гектар егістік жерге көкөніс егілді.Сондай-ақ, жабық топырақ жағдайында, яғни 487 гектар қызанақ пен 178 гектар қияр, жалпы 665 гектар жылыжайға көкөністер егілген.