Жаңа оқу жылында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында облыс көлемінде 19 мектеп есігі оқушыларға айқара ашылып, пайдалануға берілді.
Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқу орындарының тапшылығын шешуге, апатты мектептерді және үш ауысымды оқытуды жоюға бағытталған ауқымды жоба. Ел көлемінде 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орны бар 369 мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде биыл 217 мектеп ашылады.
«Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Жалпы, мектеп салу үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек», – деген болатын Мелекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асып жатқан бұл жобаның мақсаты – ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын мейлінше азайту. Жас ұрпақтың заманауи, барлық талапқа сай жайлы, жақсы мектепте білім алуы өркениет тұрғысынан ғана емес елдегі әлеуметтік салаларды дамытып, халыққа жағдай жасау көрсеткіші екені айқын.
Демографиялық өсімі жоғары Түркістан облысында мектеп тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Басқа өңірлерге қарағанда қарқынды жүріп жатыр деуге болады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы білім сапасын көтеру мемлекеттің басым мақсаты екенін аттап өтті. Сондай-ақ балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және орта құру міндетін қойды. Түркістан өңірінде демографиялық өсім жоғары. Осыған байланысты оқушы 35 мың орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу үшін 4 бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда бюджет есебінен жобалық қуаты 8250 орын 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл 20 мектепті тапсыру жоспарланған. Бүгінгі таңға 6 мектеп пайдалануға берілді. Президент бастамасымен құрылған «Білім инфрақұрылымын қолдау қоры» арқылы құны 9,4 млрд. теңге болатын, жобалық қуаты 6 650 орындық 9 мектептің құрылысы басталды. Ал «Жайлы мектеп» жобасы шеңберінде 3 жылда 63 мектеп салынады. Жобалық қуаты – 49 мың орын. Биыл 29 мектептің құрылысы басталып, келесі жылы аяқталады. Қалған 34 мектепті 2025 жылы тапсыру жоспарлануда. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен жобалық қуаты 5000 орын болатын 17 мектеп салынды, – деген өткен жылдың қортындысы бойынша облыс әкімі активімен өткен жиында Дархан Сатыбалды.
Өңір басшысы мектептерді күрделі жөндеу мәселесіне де тоқталды. Қазіргі таңда облыста 121 мектеп бойынша талдау жүргізілуде. Бұл мектептер 1939-2011 жылдар аралығында пайдалануға берілген. Оның 51-іне 302 млн. теңге бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. Осы мектептерді күрделі жөндеуге облыстық бюджет және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы арқылы кезең-кезеңімен 2024-2025 жылдар аралығында 38,9 млрд. теңге қаржы қарастырылуда. Ал қалған 70 мектептің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 2024-2025 жылдардың бюджетіне керекті қаражат енгізу жоспарланып отыр.
Бұл мәселе облысы әкімі Д.Сатыбалды ұдайы басты назарда ұстап, жіті бақылап отыр. Иә, Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бір ғана Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі өткен аптадаға Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында ауданның «Телемұнара» шағынауданындағы 900 орынды білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырып, нақты міндеттер жүктеді. Соынмен қатар, өңір басшысы және облыс әкімі активі облыстың аталған ведомоство бойынша басшысы Облыстық білім басқармасы басшының м.а Ж.М.Маханбетовтің есебін тыңдады.
Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша: Түркістан облысында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуаттылығы 49 мың орындық 63 мектеп құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде: 300 орындық – 11 мектеп; 600 орындық – 25 мектеп; 900 орындық – 15 мектеп; 1200 орындық – 6 мектеп; 1500 орындық – 4 мектеп; 2000 орындық – 2 мектеп бар.
2024 жылы пайдалануға берілетін жалпы есеппен 22 900 орындық 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелер «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ы арқылы анықталған. Аталған 29 мектептің 19-ы ағымдағы жылдың қыркүйек айында, қалған 10-ы жылдың соңында желтоқсан айында құрылыс аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Оның ішінде облыс орталығы Түркістан қаласында – 3 мектеп: 2000 орындық – 2 мектеп, 1200 орындық – 1 мектеп биылғы жылы оқушыларға есігін айқара ашып, балалардың игілігіне беріледі.
Қазіргі таңда, 2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектепті талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясы арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамту үшін «Қазақтелеком» АҚ-ы мен «Транстелеком» АҚ-ы операторларымен техникалық шарттары алынды.Жоспарлы жұмыс 2024 жылғы 1 тамызға дейін толық іске асырылады.
Ал, 2025 жылы пайдалануға берілетін 26 100 орындық 34 мектептің құрылысын іске асыру жоспарына сәйкес, жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету 2025 жылғы 1 тамызға жоспарланған.
Қазіргі таңда, техникалық шарт негізінде жасалатын АТС-тен немесе муфтадан жайлы мектепке дейінгі жоғары жылдамдықты талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету жұмыс жобасы жүргізілуде.
2024 жылы пайдалануға берілетін 29 мектептің 21-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 800 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 223.
2025 жылы пайдалануға берілетін 34 мектептің 22-і жаңа мектеп ретінде ашылатын болады, жалпы қуаттылығы – 17 700 орындық. Қосымша қажетті педагог кадрлар құрамы – 2 558.
«Жайлы мектеп» жобасы бойынша құрылысы биыл басталатын 29 мектептің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемелері анықталып, тиісті жұмыстары жүргізілуде. Оларға қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспары бекітілді. Осы мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің құрамы және олардың біліктілік талаптарын арттыру мақсатында облыс аумағында шетелдік озық педагогикалық тәжірибелермен танысу және оларды ендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған бағытта өңірдің 15 педагогы Жапония мемлекетінің білім беру саласындағы Саяси зерттеулер Ұлттық Институтының қолдауымен «Мұғалім тәжірибесіндегі сабақты зерттеу (Lesson Study)» шетелдік семинарына қатысып келді. Алдағы 1,5 жыл ішінде облыстың 100 мұғалімі шетел Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасына енген мектептердің директоры бос тұрған лауазымдарына директор тағайындау кезіңде «Білім берудегі 1000 көшбасшы» кадр резервіне енген педагогтарды тағайындауа басымдық берілетін болады.
Сондай-ақ, осы мектептерде жұмыс жасайтын басшылық құрам мен педагог кадрлар Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде және «Назарбаев Зияткерлік Мектептері ДББҰ» Педагогикалық Шеберлік Орталықтарында арнайы курстардан толық өтетін болады.де тәжірибе жинау семинарларына қатысады деп күтілуде.
Иә, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының жүзеге асуын облыс басшысы ұдайы басты назарда ұстап, қатаң бақылап отырғанын жоғаорыда сөз еткен болатынбыз. Сөзімізге тұздық ретінде кешегі аптада облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданына арнайы барған іссапарын айтсақ та болады. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасасына сәйкес, өңір басшысы ісапар барған аудандардың қай-қайсысында болмасын аталған жұмыстардың барысын өз көзімен көріп, құрылыс жұмыстарымен танысып қайтады. Келес ауданындағы іссапар барысында Біртілек ауылдық округіндегі 300 орындық мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы білім нысанын салу барысында сапаға баса назар аударуды атап өтті. Отандық компаниялардың құрылыс материалдарының бағасын көтеріп жібергенін айтқан мердігерлер қосымша қаражаттың қажеттігін жеткізді. Облыс басшысы кішігірім мектеп үшін бекітілген қаражаттың жеткілікті екеніне тоқталып, құрылыс жұмыстарын кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасы аясындағы құрылысты «Samruk-Kazyna» АҚ тапсырысымен «Шымкент Автоматика» ЖШС жүргізіп жатқаны мәлім болды. Жалпы жер көлемі 2,3 га. Өткен жылы басталған білім ошағы биыл аяқталады деп жоспарланып отыр. Жалпы жоба құны 2,6 млрд теңге. Құрылыс алаңында 69 адам, 5 техника жұмыс істеп тұр.