Home Әлеумет ТҮРКІСТАН: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Осыған дейін Түркістан облысына Италиядан инвестиция тарту жұмыстары жолға қойылған болатын. Сонымен бірге  Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстандағы Италияның елшісі Марко Альберти бастаған делегацияны қабылдап, келіссөз жүргізген еді.  Түркістанда  бизнесті дамытуға қолайлы тұстарын жеткізген облыс басшысы итальяндық бизнес алпауыттарын тоқыма, тігін фабрикаларын ашуға шақырды. Шаһардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетімен таныстырған өңір басшысы Италиямен байланысты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді. Қос тарап, екі ел арасында достық қарым-қатынастар мен сындарлы саяси диалог орнағанын, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.
– Келелі кездесуде облыс әкімі былай деді: Қазақстан-Италия ынтымақтастығын дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін. Бүгінде біздің облыс пен Италия елі арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға жақсы мүмкіндігіміз бар. Қазіргі таңда тарихи Түркістан өңірі қайта өрлеу дәуірін бастан өткеріп жатыр. Осыдан төрт жыл бұрын Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласы орталық болды. Осы аз ғана уақытта өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Инвестиция көлемі артты. Өңірде туризм саласы үш бағытта дамып келеді. Италиямен бірнеше сала бойынша әріптестік орнатуға мүдделіміз. Бұл ретте туризм, ауыл шаруашылығы, жаңа технологияларды енгізу бойынша инвестиция тартсақ деген ой бар. Барлық мәселені талқылауға дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

Өткен жылы өңірге тартылған инвестиция көлемі 60% — ға өсіп, 1,7 млрд. АҚШ. долларын құраған болатын. Оның ішінде сыртқы инвестициялар көлемі 82% — ға өсті. Жалпы, 2018 жылдан бастап облысқа 3,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылған. Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, Отырар ауданында Қуаты 50 МВт, құны 26 млн. АҚШ доллары көлемінде итальяндық капиталдың қатысуымен маңызды инвестициялық жоба іске асырылуда («Arm Wind» ЖШС). Итальяндық инвесторлар жасыл экономикаға да ерекше назар аударады. Атап айтқанда, ENI компаниясының қатысуымен әлеуметтік жоба аясында Түркістан қаласындағы мектепте күн электр станциясы орнатылды. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге 329 млрд теңге инвестиция салынуда.

Сонымен қатар өңірде  KazAgro/KazFood Turkistan2023 көрме-жәрмеңкесі аясында еліміздің ірі инвесторлары мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің қатысуымен Халықаралық AgroForum өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды хабарлағандай, соңғы бес жылда өңірде ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі екі есеге артып, 1 трлн теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді белсенді дамыту жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Өнімділікті арттырудың жаңа технологиялары енгізілуде, ауыл шаруашылығы кешенінің тиімділігін арттыру жоспары әзірленді. Бізде құрлық жерлерін тиімді игеру, ауыл шаруашылығын әртараптандыру, шикізат секторынан дайын өнім секторына көшу, мақта кластерін дамыту бойынша нақты жоспарларымыз бар. Қайта өңдеу саласында 2023-2027 жылдары 329 млрд теңгеге 110 инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Нәтижесінде 5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылып, жыл сайын 230 млрд теңгеге өнім шығарылатын болады. Бүгінгі форум ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ықпал етіп, маңызды жобаларға жол ашатынына сенімдімін», — деді Дархан Сатыбалды.

Форум қорытындысы бойынша Түркістан облысының әкімдігі мен агроөнеркәсіптік кешен саласындағы отандық және шетелдік инвесторлар 257 млрд теңгеге 10 меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, баспасөз қызметі Түркістан облысында 875 мың гектар егіс алқабы бар екенін атап өтті, оның 98% — ы қазіргі уақытта пайдаланылуда. Қарқынды көгалдандыру дамып келеді. Бұл салада өнімділік бес есе өсті, бір гектардан 300-350 центнерге дейін жинайды. Қазіргі уақытта облыстағы қарқынды бақтардың ауданы 4,6 мың га құрайды.

Түркістан қаласында инвестиция тарту жұмыстары күшейтіледі. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат отырысында өңірдегі индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарға инвестиция тарту жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтарды инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету шаралары және тарифтеріне қатысты түйткілдер де тарқатылдлы. Өңір басшысы бұл саланың маңызды екенін тоқталып, инвестиция тарту ісін жандандыруды тапсырды.

– Жалпы бірінші кезекте индустриалды аймақтардың жер мәселесі және оған қажетті инфрақұрылым бойынша бөлек-бөлек Жол карталарын әзірлеуіміз керек. Кәсіпкерлер мен инвесторлар біздің өңірде электр тарифі арзан емес екенін айтады. Инвесторлармен дұрыс жұмыс істеу қажет. Осыған байланысты тиісті басқармалар мен мекемелерден, басшылардан нақты ұсыныстар күтемін. Аудан, қала әкімдерінің негізгі индикаторларының бірі – инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын ашу. Осы бағытта жұмысты жандандырыңыздар. Индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтар кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуі тиіс, – деген аймақтарды дамыту, жұмыс орындарын ашу мәселелері тұрақты түрде күн тәртібінде тұратынын айтты.

Сонымен бірге, ірі компаниялар мен инвесторларға қолайлы жағдай жасап, Түркістан облысына шақыру керектігін жеткізді. Мәжілісте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, Облыстық инвестиция және экспорт басқармасы, Облыстық құрылыс басқармасы мен Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС басшылары мен өкілдерінің пікірлері тыңдалды.
Өңір басшысы электр қуатына қатысты тарифті төмендету және реттеу жөнінде жауапты мекемелермен бірлесе жұмыс істеп, тиімді шешім шығаруды тапсырды. Сондай-ақ индустриалды аймақтарда жұмысты жандандыру, жаңа кәсіпорындарды ашу ісін күшейту жөнінде тапсырма берді. Индустриалды аймақтарды басқаратын компанияларды оңтайландырып, нақты нәтижеге жету жолында жұмыс істеуді жүктеді.

Түркістан облысында 9 индустриалды аймақ бар. Солардың бірі – Түркістан қаласында орналасқан. Индустриалды аймақтарда құны 24,054 млрд. теңге болатын және 2614 жұмыс орнын құрайтын 56 жоба орналасқан. Оның ішінде құны 15,542 млрд. теңге болатын және 2087 жұмыс орнын құрайтын 40 жоба іске қосылып, жұмыс атқаруда. Биыл 266 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 7 жобаны іске қосу межеленген.
Өңірде «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда 365 гектар өнеркәсіптік аймағының инфрақұрылым жүйелерінің І және ІІІ кезеңдерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мұнда бірнеше жоба жүзеге асыру бойынша нақты келісімдер бар. Алдағы уақытта арнайы экономикалық аймаққа ірі инвесторларды тарту көзделіп отыр.

Жалпы инвестициялар деп — өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай және ақшалай яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады. Инвестиция дегеніміз — бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы ке келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады. Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады. Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс) өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады. Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.

Айта кететіні биыл Түркістанда тұрғын үй саласына инвестиция салуға қызығушылық білдіргендер саны артып отыр. Яғни жақын уақытта заманауи кешендер көбеймек. Түркістанның тұрғын үй нарығына кіруді жоспарлаған «BI Group» холдингі облыс орталығында заманауи тұрғын үй кешендерін салмақ. Дайын баспаналардың несиелік және мемлекеттік бағдарламалармен берілуі қарастырылмақ.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «BI Group» холдингінің өкілдерімен кездесіп, бірқатар жобалармен танысты. Қажетті өзгертулер енгізіп, салынған үйлердің сапасына мән беруді басты назарда ұстауды міндеттеді. Еуропалық брендтермен тығыз жұмыс істейтінін айтқан компания өкілдері инфрақұрылымға басты аса мән беретіндерін жеткізді. Құрылыста ең сапалы құрылыс материалдары пайдаланатынын атап өтті. «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының сүйемелдеуімен немесе бірлесіп жобаны іске асыру мәселесі қарастырылуда. Жаңа баспаналар қаладағы әкімшілік-іскерлік орталықта бой көтереді. «Ең басты талап – сапа. Инфрақұрылымға баса мән беру керек. Абаттандыру да назардан тыс қалмайды. Балаларға арналған алаңшалардың қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлу керек. Сапалы, қолжетімді, халыққа жайлы баспана салу бағытында Түркістанда түрлі жоба-жоспарлар жүзеге асады. Оның барысы қатаң бақылауда болады» деді облыс әкімі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірде жүзеге асатын жаңа жобалармен танысу бойынша апта сайын басқосулар өтіп жатыр. Оның барысында Түркістанның кешенді дамуына бағытталған жаңа жобалар талқылануда.