Home Қоғам ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САУРАНДА 43000 ГЕКТАР ЕГІСТІК ЖЕРДІ ИГЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САУРАНДА 43000 ГЕКТАР ЕГІСТІК ЖЕРДІ ИГЕРУ ЖОСПАРЛАНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ерекше көңіл бөлді.

«Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет. Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек» – деді Президент.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен ауданның апталық мәжілісі болып өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда Сауран ауданына қарасты ауылдық округтердің тазалық жұмыстары туралы аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдос Байжанов, көктемгі дала жұмыстарының барысы және су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев, Иассы ауылдық округі әкімінің 2024 жылға атқарылатын жұмыстары туралы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов баяндама жасады.

Ұйымдастыру инспекторлық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Айдос Байжановтың мәлімдеуінше аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауылдық округтердегі елді мекендердің санитарлық-тазалық жұмыстарын тексеру барысында көптеген кемшіліктер анықталған. Барлық ауылдық округтердегі тазалық жұмыстары бойынша айтылған кемшіліктері слайд арқылы суреттерімен көрсетілді. Барлық айтылған кемшіліктерді баяндай келе, оларды жоюға бір апта уақыт беруі жөнінде ұсыныс білдірді.

Көктемгі дала жұмыстарының барысы және су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың айтуынша аудан бойынша 2024 жылға 43000 гектар егістік жерді игеру жоспарланған. 2024 жылдың өнімі үшін 3661 гектар күздік бидай егілген. Ауыл әкімдерінің мәліметіне сәйкес, бүгінгі күнге 20776 гектар жер айдалған. 445 шаруа 1581,8 тонна арзандатылған дизель отынын алуға өтінім тапсырған.

Бүгінгі күнге шаруалар электронды цифрлық қолтаңба арқылы жанармай таратушы операторларды таңдау жұмыстарын жүргізуде. Аудандағы 2096 ауыл шаруашылығы техникасының 2015 көктемгі дала жұмыстарына дайын екендігін жеткізді. Сонымен бірге, «Агро бизнес», «Кең дала», «Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу» бағдарла-масы аясында 25 шаруа қожалығы 248,33 млн. теңге несие алған.

Ауданда 2839 гектар жерге су үнемдеу технологиясы жұмыс істеуде. Ол жалпы егіс көлемінің 6,4 пайызын құрайды. Түркістан облысы агроөнеркәсіптік кешен саласында 2024-2028 жылдарға жалпы өнім көлемін 2 есеге арттыру жол картасына сәйкес, биылғы жылы қосымша 4839 гектар жерге су үнемдеу технологияларын орнатуға тапсырма берілгендігін атап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдеріне санитарлық тазалық жұмыстарын дер кезінде жоюға нақты тапсырма беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді. Осы орайда аудан тұрғындарының назарына егістік жерлерді игеруге байланысты маңызды мағлұматтарды ұсынып отырмыз. Елімізде ауыл шаруашылығы саласындағы қазіргі және болашақтағы ең өзекті мәселенің бірі – халықты күнделікті тұтынатын азық-түлікпен толықтай қамтамасыз ету. Өкінішке қарай әлі де шетелдің өсімдік өндірісіне (импортқа) тәуелдіміз. Мақтаулы өнімді сырттан тасуға мәжбүрміз. Осы қордаланған аса маңызды мәселелерді шешу үшін өңірдегі өсімдік және егіншілік шаруашылығын қарқынды дамыту қажет-ақ. Ал өңірдегі климат жағдайы­ның өте құбылмалылығы, топы­рақ құнарының әртүрлі болуы, дақылдардың әр алуан түрін өсі­руге мүмкіндік береді. Бұл өз ке­зегінде нарықтық экономика жағ­дайында ауыл шаруашылығы тауар өндірісінде экологиялық және экономикалық тұрақтылықты қам­тамасыз ете алар еді.

Қазір ауыл шаруа­шы­лығы өн­дірісі нарықтық қатынас­тарға кө­шу нәтижесінде аграрлық сала­ның тиімді даму бағыттарын анық­тау қажеттілігі туындап отыр. Кез кел­ген егіншілік саласының не­­гізгі буыны ауыспалы егіс болып табылады. Кейінгі жылдары өң­делген егістік жерлердің құ­­ры­лымы ғылыми негізделген ауыс­­палы егіс жүйесін тиімді пай­да­ла­нудың нәтижесі көрсет­кендей, өңірдің әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарында өсетін алуан түрлі ауылшаруашылық да­­қыл­дарын әр­тараптандыруды қол­дану арқылы оны одан әрі жақ­сар­туға мүмкіндік бар екендігі байқалды.

Ауыспалы егістегі ауыл ша­руа­шылығы дақылдарының дұ­рыс орналасуын пайдаланғанда ғана өңделген жерлерді жақсар­туға бағытталған барлық агро­тех­ни­калық шараның тиім­ділігі артады. Дақылдардың био­ло­гиялық қажеттіліктері толы­ғы­мен қанағаттандырылады. Тех­но­логияны біркелкі ыңғайлы қол­дануға қол жеткізіледі және өндіріс шығындары азаяды.

Сондықтан ауыспалы егіс жүйесі табиғи климаттық ре­сурс­тар мен өсімдіктің әлеуеттік мүм­кіндігіне қарай дақылдар­дың биологиялық топтарын ұтымды пайдалану жолына бағытталуы керек. Бұл әсіре­се әртүрлі аймақ­та өте маңызды. Одан қалды ауыл шаруашылы­ғы дақылдарын өсіру үшін қазіргі заманғы ресурс-қорды үнемдеу тех­­нологияларына және өнімді ­ауыс­палы егістерге көшіру маңыз­ды шара болып қала береді. Егіс­тік құ­рылымында ағымдағы жағдай, жүр­гізілген талдау нәтижесі мен өңір­дегі топырақ-климаттық аймақ­тағы деректер осыны көрсетті және оны одан әрі қарай жетілдірудің мол мүмкіндіктері бар екенін анық­тады.

А.Бараев атындағы Астық ша­руа­шылығы ғылыми-өндірістік ор­та­лығында (АШҒӨО) орналас­қан ауыспалы егіс зертханасының ­көп­жыл­дық стационарлық учас­кесін­дегі ұзақ мерзімде жүргізілген ғылы­ми жұмыстардан алынған деректер бойынша ауыспалы егіс танаптарында әртүрлі дақылдарды биологиялық ерекшеліктеріне қа­рай тиімді орналастыру арқылы өсіру шаруа қожалықтарына орасан зор пайда әкелетіндігін көрсетті.

Ұсынылатын дақылдар мен ­ауыспалы егіс кестелері Ақмола және басқа да облыстар жағдайында ауыспалы егістерді игеру кезінде мынадай негізгі ұсынымдарды сақтау қажет:

– ауыспалы егістегі дақыл­дар­дың кезектесуі негізгі ауыл ша­руа­шылығы дақылдары жаздық жұмсақ бидай үшін ең жақсы алғы дақылдарды таңдауды ескере отырып жүзеге асырылады;

– ауыспалы егістің пайдалану әлеуеті агротехникалық іс-шаралардың сақталуы мен орындалу сапасына байланысты
болады;

– егіс алқаптарының көлем­­дік құрылымын құру және қалып­тас­тыру кезінде егістік танаптар ауыс­палы егістерде бір биологиялық топтың дақылдарын алмастыруға жол береді.

Мысалы, ауыспалы егіс кестесі бойынша асбұршақ дақылы орна­ласуы қажет болса, оны қа­лыптасқан жағдайларға байла­нысты (әдетте қуаңшылықтың болуы) ноқат дақы­лымен ауыстыру­ға болады. Бұл жағдай бидай, арпа және т.б. дақылдар үшін де жарамды. Ең бастысы, дақылдарды өз орнына қайтып келу мерзімін қа­таң сақтау қажет. Танаптарға кейбір дақылдарды келесі жылы өз орнына қайта себуге болмайтын бірқатар дақылдар (бұршақ, жа­сымық, майлы зығыр, күнбағыс, көк­темгі рапс) бар. Сол дақылдар бел­гілі бір жылдардан кейін өз орнына қайтадан оралуы керек. Майлы және бұршақты дақылдар үшін бұрынғы өз орнына оралу уақыты 3-4 жыл, ал майлы зығыр және күнбағыс дақылдары өз орнына 4-5 жылда орналасуы керек. Жаздық бидай, арпа, жүгері сияқ­ты дақылдардың өнімділігі айтар­лықтай төмендемейді. Сондықтан бір танапта бірнеше жыл бойы қайта-қайта өсіруге болады.

– бұдан басқа, дақылдардың кезектесуі және оларды бұрынғы орнына қайтару ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің табиғи жағдаймен, нарық конъюнктурасымен, техникалық, қаржылық мүм­кіндігімен, шаруашылықтың қай салаға мамандандырылуы мен айқындалады.

– әртүрлі пар танабы түрлерін, көпжылдық шөптерді, бұршақ және біржылдық мал азығы дақылдарын жасыл балаусаға немесе сүрлемге қолданатын және ерте жиналатын өнімдерден кейін орналастыру ұсынылмайды.

– жаздық бидай көбіне ерте болатын аязға дейін пісіп үлгермей­тін таулы-қыратты аудандарда орташа ерте және ерте пісетін дән сұрыптарының үлесін арттыру қажет. Немесе жаздық жұмсақ бидай дақылының үлесін азайту арқылы арпа дақылының көлемін ұлғайтуға болады.

– қысқа айналмалы дәнді да­қыл­дардың ауыспалы егістерін ұзақ уақыт пайдаланғанда және оларды өнімді ауыспалы егіс­тер­мен салыстырғанда топырақ­тың құ­нарлылығы біршама төмен­дейтіні байқалады және егістік жерлерді пайдалану тиімділігін төмендететінін әр уақытта есте сақ­таған жөн;

– қара топырақты және қара қоңыр топырақтың рельефі бойынша жазық немесе сәл ғана толқынды танаптар ауыспалы егістің кез келген түріне (астық-парлы, майлы өнімді, отамалы дақылдарды, т.б.) пайдаланып жаратуға болады.

– су эрозиясының пайда болу қаупіне байланысты көлбеу бірлігі 0,5О-дан асатын танаптарды таза сүрі жерге қалдыру ұсынылмайды. Себебі топырақтың беткі қабаты көктемгі ағынды су мен шайылып қарашірік мөлшері біршама азаяды. Мұндай танаптар ауыспалы егіс айналымы кезінде үнемі өсімдік жамылғысының астында жабық болуы қажет.

Тұқым шаруашылығын субсидиялаудың жаңа механизміне көшудің негізгі мақсаты ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне көктемде тұқым сатып алу, уақытылы сортты ауысулар мен сорты жаңартуларын алу үшін айналым қаражатының жоқтығы мәселесін шешеді. Сондай-ақ, бөлінген бюджеттік қаражаттарды тиімді пайдалану және тұқым шаруашылығы субсидиялаудың бағдарламасымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді 100% қамтамасыз етеді.

Облыстық әкімдіктердің мәліметтері бойынша, 1 сәуірдегі көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге тракторлардың дайындығы 91%, себу кешендерінің дайындығы 100%, тұқым сепкіштердің дайындығы 91%, топырақ өңдеу құралдарының дайындығы 93%.

Машина-трактор паркін жаңарту проблемаларын шешу үшін қолда бар ресурстарды (субсидиялардың тиімсіз түрлерін азайту арқылы) қайта бөлу жоспарланып отыр, бұл өндіруші елге байланусыз  АШТӨ сапалы және заманауи техникаларға қол жеткізуін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Осылайша, отандық және шетелдік өндірістің техникасы инвестициялық шығындарды субсидиялау бағдарламасы шеңберінде (теңгерімнің мөлшері ауылшаруашылық техникасының құнынан 25% -ды құрайды) бірдей шарттармен субсидияланатын болады. Сонымен бірге жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау стандарты аймақтық әкімдіктермен (35% -ға дейін) дербес түрде көбейтілуі мүмкін.

Бұдан басқа, АШТӨ үшін ауыл шаруашылығы техникасы лизингін қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында,  кредиторға аванстық төлем, сатып алған техникалар бойынша алғашқы жарнасы ретінде, инвестициялық субсидияны аудару мүмкіндігі қарастырылған.

Қорыта айтқанда, ауыл­ша­руа­шылық өндірісі жағдайында тауар өндірушілер (фермерлер) осы атал­ған және басқа көр­сеткіштердің барлығын ес­ке­ріп, жоғары өнім алу үшін то­пы­рақ­тағы қара­шірін­ді мөл­шерін сақ­тап қалуға күш са­луы керек. Өңір­дегі диқан қа­уымы өздерінің егіс­тік көлемі­нің құрылымында мар­гиналды (өте жоғары табыс әкелетін өсім­дік­­тер) дақылдарды өсіруге аса көп көңіл бөлуді қажет етеді. Осы дақыл­дар­мен қа­тар басқа өсімдіктердің егін­шілік мәдениетін жоғары кө­теру және барынша экологиялық қауіп­сіз мол сапалы өнім алу ел тұ­ты­натын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге негізгі себепкер бола алады.