Түркістан станциясындағы Желілік полиция бөлімі патрульдік полиция тобының қызметкерлері, жолаушылар поездарының басшылары мен жолсеріктерімен бірлесіп жолаушылар поездарында ағымдағы жылдың 5-29 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында «Темір жолдағы кездесу» іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында төмендегідей мәселелер бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді:
Жолаушылар қылмыстарының алдын алу және ескерту, сондай-ақ олардың темір жол объектісінде болған кездегі жазатайым оқиғалардың алдын алу және де жолаушылар поездарының әйнектерін сындырған кезде жауапкершілік сауаттылығын арттыру.
Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары.
Іс-шара өткізу барысында жолаушылар поездарында жолаушылардың сұрақтарына жауап беріп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жазатайым оқиғалардың алдын алу және де жолаушылар поездарының әйнектерін сындырған кезде зардаптары мен жауапкершілігі түсіндірілді.
Жолаушылардың жеке мүліктерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жадынамалар таратылып, құқық бұзушылыққа жол бермеу шаралары туралы айтылып, әрбір азаматтың теміржолда жүру қауіпсіздік ережесі түсіндірілді.
Түркістан ст.ЖПб