Home Басты жаңалықтар Қ.Сахов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында маңызды жиналыс өткізді

Қ.Сахов Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында маңызды жиналыс өткізді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Саховтың төрағалығымен мәжіліс залында, мал ұрлығының алдын алу іс-шарасын күшейту мақсатында маңызы зор кездесу өткізілді. Аталған шараға Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Т.Елекеев пен Ветеринарлық бөлім бастығы Б.Омаров қатысты. Күн тәртібінде, мал ұрлығына тосқауыл қою, үй жануарларының қатысуымен болатын жол-көлік апаттарын болдырмау мәселесі көтеріліп, қатысушылар өзара пікір алмасты. Яғни «Ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру» деректер базасын өзектендіру, тасымалданатын малға ветеринариялық құжатты тапсыру тәртібі, стационарлық ветеринариялық бекеттерді құру мәселесін қарау, сонымен қатар «ҚР ІІМ-нің ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасының Түркістан аумағында іске асырылу кең көлемде талқыланды. Жиында полиция полковнигі Қ.Сахов: «Жыл басынан бері облыста 72 мал ұрлығы тіркеліп, қылмыстың тіркелуі 44,6 пайызға төмендеді. Ал 72 мал ұрлығының 27-сі қора-жайдан болса, 45 дерегі жайылымнан ұрланған. Яғни жалпы алғанда тұрғындардың 360 бас малы ұрының қолына түскен. Осы жылда 1700-ден астам мал тиелген жүк көліктері тексерілді. Соның нәтижесінде 336 үй жануары құжаттары болмағаны және сырғаланбағаны бойынша анықталып, бұл жайт ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабымен тіркелді. Бүгінде жинақталған іс құжаттар заңды шешім қабылдану үшін ветеринария инспекциясына жолданды».


Өзекті мәселе бойынша ұйымдасқан келелі кездесудің соңында Қ.Сатымбекұлы, мал ұрлығын азайту мен болдырмаудағы ұсыныстарын жеткізді. Яғни ұрлықтарды ашуға септігін тигізетін техникалар (бейнебақылау) санын арттыру, малдардың қараусыз жайылу мәселесін бірлесіп шешу, халықпен кездесулерде айтылған сын-ескертпелер бойынша жұмыс жасау, «үшжақты келісім-шарт» жобасын одан ары жандандырып, жалғастыру, мал тасымалдаушы, сатушы басқа да осы іске қатысы бар тұлғалардың тасымалдау тәртібінің талаптарының орындалуын тексеру. Осылайша облысымыздағы мал ұрлығының алдын алып, ұрылардың жолын кесу мақсатында ұйымдастырылған шарада жиналғандар осы жылдың қыркүйегінде тағы да кездесіп, жұмыс нәтижесімен бөлісуге уағдаласты.