Home Басты жаңалықтар Кентауда « Білімді ұлт-сапалы білім » жобасы аясында форум өтті

Кентауда « Білімді ұлт-сапалы білім » жобасы аясында форум өтті

Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Қашқари атындағы мектеп-лицейінде Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы және М.Қашқари атындағы мектеп-лицей әкімшілігінің бірлесіп ұйымдастыруымен « Жаңа Қазақстан-жаңа жастармен » атты тақырыпта мектептердің өзін-өзі басқару ұйымы президенттерінің, фракция мүшелерінің және педагог-ұйымдастырушылардың қатысуымен форум өткізілді.

Форумның мақсаты: « Білімді ұлт-сапалы білім » жобасы аясында балалар мен жастардың табысты әлеуметтенуі, өзін-өзі басқару ұйымының жұмыстарын жандандыру, қала мектептері президенттерінің бірлесіп жұмыс жасауына ықпал ету. Форумның модераторы: Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Күзенбаева Нұрипа. Форумның ашылуында Кентау қалалық жастар ресурстық орталығының директоры, қалалық мәслихаттың депутаты Бекметов Қанат, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы « Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы » әдіскері Сейтінбетов Мағжан, М.Қашқари атындағы мектеп-лицейінің директоры, Сауран аудандық мәслихатының депутаты Асаев Артур кезекпен сөйлеп, форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, форумның мақсат, міндеттерімен таныстырды. Форум барысында қатысушылар үшін « Ынтымақтасқан орта » (Өзара танысу) психологиялық тренинг өткізілді. « Nova Education » компаниясының менеджері Рамазанов Алмаз « ЖОО таңдау әдістері және шетелдегі мүмкіндіктер » атты тақырыпта презентация, баяндама жасап, оқушылар тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар берді. Оқушылармен ұстаздар « Шамат Ишан » мұражайына және Қарнақ ауылының көне тарихи орындарына саяхат жасады. М.Қашқари атындағы мектеп-лицейінің өзін-өзі басқару ұйымының президенті Ядигаров Алижан « IELTS және SAT тестерін тапсыру », М.Қашқари атындағы мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Маменов Тұрар « Жаңарған жастар: көшбасшылық құндылық пен жеке бренд » атты тақырыптарда презентация, баяндамалар жасады. Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Күзенбаева Нұрипа, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы « Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы » әдіскері Сейтінбетов Мағжан, Кентау қалалық жастар ресурстық орталығы « Талантты жастарды қолдау » бөлімінің басшысы Бақыт Мыңбай форумды ұйымдастырушыларға, қатысушыларға өз алғыстарын білдірді. Форумға Түркістан қаласы және Сауран ауданындағы мектептерден ұстаздар мен оқушыларда қатысты.