Home Басты жаңалықтар Кентауда Оқуға құштар мектеп жобасы аясында марафон өткізілді

Кентауда Оқуға құштар мектеп жобасы аясында марафон өткізілді

Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің жоспарына сәйкес « Оқуға құштар мектеп » жобасы аясында Ататүрік атындағы 4 мектеп-лицей кітапханасында қазақ ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай оның қайраткерлік тұлғасы мен шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында « Ахмет Байтұрсынов-қазақ халқының рухани көсемі » тақырыбында поэтикалық марафон өткізілді.

Осы аталған іс-шарада оқырмандар ақынның « Қырық мысал » аударма жинағы мен « Маса » өлеңдер жинағынан бірнеше өлеңдерін мәнерлеп оқып шықты. Сонымен бірге Ахмет Байтұрсыновтың тағдырынан сахналық көрініс көрсетілді. Ұлттың ұлы ұстазының өмірі жайлы бейнероликтер көрсетіліп, Ахметтің түрмеде отырып шығарған соңғы өлеңі аудиотаспадан көрсетіліп, зор тебіреніспен тыңдалды. Марафон соңында « Бір ел-бір кітап 2022 » республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың оқуға ұсынылған кітаптарынан жасалған кітап көрмесі таныстырылды. Іс шараға мектептің тәрбие бөлімі мен ұстаздар және 8 Ә сынып оқушылары қатысты.