Inicio Uncategorized ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ ОНТАМ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: АРЫС ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ ОНТАМ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ


«Жақында ғана біз Онтам ауылына жаңа мектеп салып беруге ниетті инвесторларды тауып, ортақ мәмілеге келдік. Сәтін салса, білім ошағыынң құрылысы биыл басталып, келер жылы 150 орындық мектепті пайдалануға береміз деп жоспарлап отырмыз». Бұл туралы Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова бастаған, құрамында қалалық мәслихат хатшысы мен қала прокуроры бар мобильді топ өкілдерінің Онтам шағын ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Мектеп мәселесінің шешілетініне қуанған ауыл қариясы Әбдікерім Қабыштаев енді ауыл іргесіндегі күре жолға жылдамдықты төмендететін жол белгілерін қойып беруді өтінді. Сондай-ақ, кездесуде ауыл азаматы Есімхан Сарыпбеков «Тараз» мөлтекауданынан жекеменшікке сатып алған жеріне мердігер компания балама жер ұсынбай жатып, газдандыру мақсатында мемлекет балансына өткізіп жібергенін айтып мұңын шақты. Айта кетейік, жақында ғана 75-80 үйден тұратын Онтам елдімекені Онтам шағын ауданы болып Арыс қаласының құрамына енгені белгілі. Осығай орай, қазіргі кезде үй-жайды құжаттандыру, жайылымдық және егістік жерлерді ағын сумен қамту мәселесі күрделі болып тұр. Ауыл тұрғындары егістікті суғару, жайылымдық жерлердің Ақдала ауылдық округінің құрамында қалуын құптамайтындығын және жер иеленушілердің өндірістік кооперативін құруды қалайтындарын жеткізді. Сол сияқты ауыл іргесіндегі тоғайды тиімді пайдалану да жайы сөз болды. Бұл мәселенің өте өзекті әрі келешекте қайта көтерілуі мүмкін екендігін ескерткен қала әкімі Гүлжан Мамытқызы газ құбыры жүргізілген жер иелерінің мәселесін алдағы бір ай ішінде толығымен қайта қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, мәселенің тиімді шешілуін өз бақылауына алатындығын жеткізді.