Білім және ғылым министрлігі жаңа бұйрық жобасын дайындады, онда қазақстандықтарды «Болашақ» стипендиясы бойынша оқытатын шетелдік жоғары оқу орындарының кеңейтілген тізімі белгіленген.
Атап айтқанда, тізімге келесі университеттер қосылды:
- Сент-Эндрюс университеті (University of St Andrews) – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;
- Белфасттағы Квинс университеті (Queen’s University Belfast) – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;
- Лестер Университеті (University of Leicester) – Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі;
- Гамбург университеті (Universität Hamburg) – Германия;
- Дрезден техникалық университеті (Technische Universitat Dresden) – Германия;
- Тринити колледжі (Дублин) (Trinity College Dublin) – Ирландия;
- Барселона университеті (Universitat de Barcelona) – Испания;
- Болон университеті (University of Bologna) – Италия;
- Монреаль университеті (Universitate de Montreal) – Канада;
- Батыс Онтарио Университеті (Western University) – Канада;
- Эйндховен техникалық университеті (Eindhoven University of Technology) – Нидерланды;
- Неймеген университеті (Radboud University in Nijmegen) – Нидерланды;
- Твенте университеті (University of Twente) – Нидерланды;
- Окленд Университеті (The University of Auckland) – Жаңа Зеландия;
- ИТМО ұлттық зерттеу университеті (ITMO University) – Ресей;
- «МИСИС» Ұлттық зерттеу технологиялық университеті (National University Sciense and technology «MISIS») – Ресей;
- Аризона штатының университеті (Arizona State University) – АҚШ;
- Нотр-Дам университеті (Unive Rsity of Notre Dame) – АҚШ;
- Аалто Университеті (Aalto University) – Финляндия;
- Политехникалық мектеп (Париж) (Institut Polytechnique de Paris) – Франция;
- Пхохан ғылым және технология университеті (Pohang University of Science And Technology) – Корея;
- Ульсан Ұлттық институты (Ulsan National Institute of Science and Technology) – Корея;
- Хоккайдо Университеті (Hokkaido University) – Жапония.
Тізімге барлығы 236 Халықаралық ЖОО кірді.
Бұйрық жобасы 14 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.