Inicio Uncategorized АЙНҰР НҰРАШОВАНЫҢ «ЖАЙНАЙ БЕР ЖАСТАР ЖАҢАША» АТТЫ АЛҒАШҚЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ

АЙНҰР НҰРАШОВАНЫҢ «ЖАЙНАЙ БЕР ЖАСТАР ЖАҢАША» АТТЫ АЛҒАШҚЫ ӘН КЕШІ ӨТТІ

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Айнұр Нұрашованың «Жайнай бер жастар жаңаша» атты алғашқы ән кеші өтті.
Он сегіз жыл бойы өнер жолында еңбек етіп жүрген күміс көмей әншінің жеке шығармашылық концерті театрландырылған қойылыммен бастау алып, «Анамның жаққан ошағы» әнімен ашылды. Айнұр Жұмабекқызы «Тұмар» фольклорлы ансамблі және «Алаш» вокалды аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен дәстүрлі, халық әндері мен халық композиторларының таңдамалы туындыларын орындап, көрермен ықыласына бөленді. Сондай-ақ, концертке ҚР Мәдениет қайраткерлері Айжан Тәженова, Жұбаныш Жексенұлы қатысып, тыңдармандардың жүрегінен орын алған әндерінен шашу шашты.