Inicio Спорт ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

Қарағанды қаласында желтоқсанның 17-21 күндері бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық жарыс мәресіне жетті. Биыл ХХХІХ рет жалауы желбіреген дәстүрлі халықаралық бокс бәсекесі тартысқа толы болды.



Тартысты өткен жекпе-жектер нәтижесінде Түркістан облысының боксшылары жүлдеден құр қалмады. Түркістандық саңлақтардың еншісінде 1 алтын, 3 күміс және 1 қола медаль бар. Олжалы оралған спортшылар қатарында 92 келіде Сағындық Тоғамбай барлық қарсыласын тізе бүктіріп, халықаралық доданың жеңімпазы атанды. Ал, күміс жүлдеге қол жеткізген 60 келіде Әділет Құрметов, 67 келіде Әбдікерім Әбдіғалым, 80 келіде Әбдікерім Бекболат сынды былғары қолғап шеберлері бар. Сондай-ақ, 92 келіде Бекзат Қашқын қолаға қол жеткізді.
Айта кетейік, Халықаралық бокс турнирінде жеңімпаз және жүлдегер атанған саңлақтар Түркістан облысының «кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері.