Жалғас Қазыбек – 2006 жылы Қарағанды облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. “Хас” және “Аққұйын” кітаптарының авторы, “Ділмар” шешендік өнер клубының мүшесі. Республикалық айтыстар мен мүшәйралардың жеңімпазы.
Жас қаламгер Жалғас Қазыбектің қысқа әңгімелерін назарларыңызға ұсынамыз.
***
– Әке, бүгін өзім жалғыз ұйықтайыншы…
***
Ол тура төбесіндегі қарлығашқа тас лақтырды. Өзінің басы жарылды.
***
Бір несие. Екі күнәһар.
***
Кітаптан “Ағашты аялау керек” деген тақырыпты оқыдым.
***
– Жарықты неге өшірдіңіз, әке?
– Үніңді өшір, қызым.
***
Балам – жалқау. Алдымда жатқан пультті алып беруге ерінеді.
***
– Екеуміз дос болайық.
– Менің достарым сенсіз де көп.
– Шын дос болайық.
– Жарайды.
***
Ол түнде досының қатігез қос қолынан қылқынып, қаза таба жаздады. Жанында жатқан досының әйелі араша түсіп, құтқарып қалды.
***
– Жамағат, біреудің темекісі қалып кетіпті.
– Менікі, ұстаз.
***
Мен пияз турап жатыр едім. Әкем анамды сабап жатқанын естідім. Пиязды тастай салдым, пышақ қолымда қап кетіпті.