Inicio Басты жаңалықтар ТҮРКІСТАННЫҢ МҰРАЛАРЫ СЫР ЕЛІНДЕ НАСИХАТТАЛДЫ

ТҮРКІСТАННЫҢ МҰРАЛАРЫ СЫР ЕЛІНДЕ НАСИХАТТАЛДЫ

Түркістан облысындағы «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларындағы жобаларды жүзеге асыру мақсатында, Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, Әбу Нәсір әл-Фарабидің 1150 жылдығы қарсаңында Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Түркістанның тұлғалары мен мұралары» атты көшпелі көрменің ашылуы өтті.
Көрмеге Түркістан облысының ұлы тұлғалары – Әбу Нәсір әл-Фараби, ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы, күйші Сүгір Әліұлы, ән падишасы Шәмші Қалдаяқов, мәдениет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтерге қатысты түпнұсқа жәдігерлер мен Отырар қалажұртынан табылған археологиялық, нумизматикалық артефактілер және Арыстанбаб кесене-мешітінде 1930 жылдарға дейін болған мұсылман кітапханасының кітаптары, жалпы саны 62 дана жәдігер қойылды.
Іс-шараға Қармақшы аудандық мәдениет бөлімінің қызметкерлері, өлкетанушылар, зиялы қауым өкілдері, оқушылар, музей қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.