Inicio Мәдениет ТҮРКІСТАНДА «AMANAT MUSIC – 2019» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «AMANAT MUSIC – 2019» ІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС-ФЕСТИВАЛІНІҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Бүгін Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, сазгер, әнші Сәуле Жанпейісованың ұйымдастыруымен «AMANAT music – 2019» ІІ Халықаралық конкурс-фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Байқауға 5-21 жас аралығындағы өнерге ынталы, талантты жастар қатысты. ⠀
6 номинация бойынша өткізілген байқауды қорытындылай келе қазылар алқасы:
– Ұлттық би өнері номинациясы бойынша Бас жүлдені Сайрам ауданынан келген «Самғанұр» би тобына берсе, 1 орынды Түркістан қаласы «Шолпан» балабақшасының бүлдіршіндерінен құралған «Самға» би тобы еншіледі.
– Вокал номинациясы бойынша 16-21 жас аралығындағы қатысушылардан Бас жүлдені – Түркістан қаласының «Угай» дуэті,1 орынды – Созақ ауданынан келген Қойшыбай Аяулым иеленді. Ал, 5-7 жас аралығындағы қатысушылардан Бас жүлдені – «Амина» балабақшасынан Асылхан Айбике, 1 орынды – «Балбөбек» балабақшасынан Сейділда Нұршат қанжығаларына байлады.