Inicio Мәдениет ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАН КҮМІС ТЕҢГЕ КӨМБЕСІ ТАБЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДАН КҮМІС ТЕҢГЕ КӨМБЕСІ ТАБЫЛДЫ

Отырар қалажұртында 2016 жылы XV-XVI ғғ. тән мешіт құрылысының жалғасын анықтау мақсатында археологиялық қазба жұмысы жүргізілген болатын. Сол кезде жүргізілген қазба жұмысы барысында XV-XVI ғғ. тән құрылыс орындарының қалдықтары анықталып зерттелді. Ағымдағы жылы жүргізіліп жатқан қазба нәтижесінде осы орынды XIII-XIV ғғ. деңгейіне түсіру, шартты түрде Бердібек сарайы аталып отырған кешеннің солтүстік-батыс бөлігін анықтау мақсатында жалғасын тапты. Қазба жұмысы барысында XVI ғасырға тән тұрғын үй құрылысының қалдықтары анықталып зерттелді. Бұл жерде назар аударатын жәйт, жоғарғы құрылыс қалдықтарының сақталуы нашар. Тұрғын үйлердің таснауа, тандыр, жерошақ секілді негізгі нысандары ғана сақталып отыр. Қазба жұмысын ары қарай жалғастыру мақсатында жоғарғы құрылыс қалдықтары толығымен сипатталып, суреттері мен сызбалары түсіріліп, алынып тасталды. Қазба жұмысы барысында бос топырақ арасынан сырлы-сырсыз керамика сынықтары мен шыны пастасынан жасалған моншақ бөліктері және XVI ғасырға жататын 58 данадан тұратын күміс теңге көмбесі алынды. Археологтардың пайымдауынша күміс теңгелер Бұхар ханы Абдолла ІІ-нің тұсында соғылғаны анықталды. Қазіргі таңда теңгелер тазалану үстінде.