Inicio Мәдениет ТҮРКІСТАН: ИДЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ИДЕОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен облыстағы идеология саласындағы мәселелер бойынша мәжіліс өтті.

Бүгінгі жиынға салалық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдіктердің жауапты тұлғаларымен қатар, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма бастығының орынбасары Мақсат Маханов, облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Құрманбек Сахов және облыстық прокуратураның аға прокуроры Ербол Тұрсынбаев қатысты.

Мәжілісте облыс әкімінің орынбасары идеология саласындағы жұмыстарды жандандыру қажеттігін айтып, әрбір басқарма басшысына өздеріне жүктелген міндетті сапалы орындауды тапсырды

– Өздеріңізге белгілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі «Идеологиялық салада қойылған міндеттерді іске асырудың 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспарын» әзірледі Аталған кешенді жоспар жаңа қоғамдық әдеп, азаматтар мен билік арасындағы жалпыға бірдей игілік пен әділ қоғамға қол жеткізуге бағытталған. Облысымызда 18 қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Жалпы облыстағы қоғамдық кеңестердегі азаматтық сектордың үлесі 81,4%-ды, жастардың үлесі 6,2%-ды құрайды. Түркістан облысында жастар саны 663 мыңнан асады. Республика бойынша алдыңғы орында. Осы ретте Мемлекет басшысы биыл қоғамдық кеңестегі жастардың үлесін 10%-ға жеткізу міндетін қойған. Қазіргі таңда жастар саясаты саласында кешенді шаралар жүзеге асырылуда, – деді Ертай Алтаев.

Мәжілісте жауапты басшылардың есебі тыңдалып, өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы идеологиялық мәселелер үнемі басты назарда болу керектігін айтып келеді. Облыс әкімінің орынбасары осы жиынға қатысушыларға осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, облыстың өсіп-өркендеуіне, оның ішінде идеология салаларының дамуына бірігіп атсалысуға шақырды. Жауапты басшыларға өзекті мәселелер бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуы керектігін айтып, нақты ұсыныстар енгізуді жүктеді.