Inicio Басты жаңалықтар РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КЕҢЕСТІҢ ДӘСТҮРЛІ ІV ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК КЕҢЕСТІҢ ДӘСТҮРЛІ ІV ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Астана қаласында 17-18 шілде күндері Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Республикалық студенттік кеңес мүшелері, «Қазақстан студенттерінің Альянсы», РСҚ-ның өңірлік төрағалары және Өңірлік студенттік омбудсмендердің басын бір арнаға тоғыстырған іс-шара ұйымдастырылды.

Аталған шараға әр өңірдің жоғары оқу орындарынан 100-ге жуық белсенді студенттер жиналып, білім беру саласындағы мәселелерді алға тартты.

Кеңестің алғашқы күні студенттерге арналған брейн-шторминг форматында өткізіліп, Студенттік Өзін-өзі басқару ұйымдарының 2024-2025ж. жұмыс жоспары талқыланды және өзгерістер енгізілді.

Студенттік кеңес отырысына Дінмұхаммед Үмбетұлы – Қазақстан Студенттерінің Альянсы Түркістан облыстық төрағасы және Түркістан облысының жаңа лауазым иегері, яғни облыстық омбудсмені ретінде белсене қатысып, министрлікке студенттер тарапынан ұсыныс білдірді. «Ендігі кезекте біздің басты мақсат Түркістан облысының жастарын қоғамдық белсенділікке тарту және құқықтарын қорғай отыра патриот жастардың қатарын арттыру болып табылады» деген болатын жас төраға өз кезегінде.