Inicio Мәдениет ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТЕКТІ МУЗЫКАЛЫҚ ӘУЕНІ

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ТЕКТІ МУЗЫКАЛЫҚ ӘУЕНІ

Ғұлама ғалым, ойшыл, түркі әлемінің дара перзенті Әбу-Насыр әл-Фараби бабамыздың киелі Отырар ауданына қарасты «Оқсыз» деген жере дүниеге келгені тарихтан белгілі. Астрономия, математика, физика секілді бірнеше ғылымды меңгеріп, аты әлемге мәшһүр болған даңқты жерлесіміздің еңбектерінің ішіндегі шоқтығы биік салаларының бірі-музыка саласы. Негізінен алғанда Фарабидің өзі асқан орындаушы ғана емес бірнеше музыкалық аспапта шебер ойнайтын музыкант болған. Ол музыканы зерттеу саласында әр алуан шығармалармен қатар «Музыка туралы үлкен кітап» атты көлемді еңбек қалдырды. Ғалымдардың пайымдауынша Фараби бабамыздың біз біле бермейтін екі жүзге жуық музыкалық әуендері болған. Алайда бұл әуендердің ноталары біздің қолымызда жоқ. Жуырда ғана Мысыр еліндегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Лама Шариф Қайрат Қайыржанұлының ұсынысымен, жерлесіміз, меценат Серікжан Сейітжанұлының демеушілігімен Мысыр еліне барып «әл-Фараби ізімен» атты сурет көрмесіне қатысқан Әділхан Мәлік даңқты жерлесіміздің «әл-канун» және «ребаб» музылкалық аспаптарын ғалымның туған жеріне алып келді. Суретші музыкалық аспаптармен бірге әл-Фараби бабамыздың 40-қа жуық қағаз бетіне түсірілген музыкасының ноталарын да ала келіпті. Бүгін осынау құнды мұраларымыздың Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейіне табыстауға арналған «Әл-Фарабидің текті музыкалық әуені» атты іс-шарасы өтті. Ғалымның шығармашылығына арналған композициялық қойылыммен басталған жиынның ашылу салатанатында белгілі суретші Әділхан Табылханұлы Әл Фарабидің қағаз бетіне түсірілген 40-қа жуық музыкасының ноталары мен «әл-канун» және «ребаб» музылкалық аспаптарын қорық-музей басшылығына арнайы табыстады. Сөз барысында суретші мысырлықтардың киелі Отырар халқына деген ыстық ықыласын әңгімелеп, аудан орталығындағы мәдениет сарайынан осы музыкалық аспаптарды меңгеруге арналған арнайы үйірме саныбын ашу туралы ұсынысын да жеткізді.Мұнан соң Түркістан облыстық мәдениет басмасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан, аудан әкімінің орынбасары Пержехан Жаппарқұлов, әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, филиолог Ұлжалғас Бопиевалар сөз алып, бүкіл ғылым саласындағы мұндай жаңалықты қайталанбайтын тарихи сәтке балайтынын атап өтті.

Сондай-ақ музей-қорығы директорының ғылыми кеңесшісі Нұртаза Алдабергенов, Фараби зерттеушісі Бекжан Бейсенбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзабай Өксікбаевтар да аталған Мысыр сапарына демеушілік жасаған ел жанашыры Серікжан Сейітжановқа және осы жұмыстарға атсалысқан барлық ел азаматарына шынайы алғыстарын айтса, халық ақыны Әселхан Қалыбекова жүрекжарды лебізін өлеңмен жеткізді. Жиын барысында аудандық мәдениет сарайның көркемөнерпаздары ғұлама ғалымның музыкалық әндері орындап, көпшілікті өнерлерімен тәнті етті.