Inicio Мәдениет ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ШАМАМЕН 870 ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ДЕЙДІ ҒАЛЫМДАР

ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ ШАМАМЕН 870 ЖЫЛЫ ТУЫЛҒАН ДЕЙДІ ҒАЛЫМДАР

Әбу Насыр Әл- Фарабидің туған жылын зерттеушілер нақты айта алмайды. Шамамен 870 жыл деп береді. Ал туған жерін Арыстың Сырдарияға құятын тұсы деп жазады. Қазақша атауы “Оқсыз”. Түркістан облысы Отырар ауданы Маяқұм ауылынан 5-6 шақырым қашықтықта орналасқан қала. Бүгінде ұшан-теңіз сайын даланың төсінде кішкентай ғана төбе болып тұр. Орта ғасырлық шығыс тарихында бұл жерді Баласағұннан алыста, Шаш (Ташкент) қаласының батысында, Сихундарияның (Сырдария) оң жақ жағалауында орналасқан қала деп сипаттаған.
Деректерге сүйенсек, дәл осы жерде Фараби 6-7 жасына дейін өмір сүрген. Кейіннен Отырарға барып, ғылым-білімнің бастау бұлағын сол жерде ашқан болуы керек.

“Әл-Фараби ізімен” деректі фильмінің түсірілім тобы көрнекті ғалымның туған жері деп танылатын Отырар ауданының Маяқұм ауылынан 5-6 шақырым қашықтықта орналасқан Оқсыз қаласының орнына және әл-Фарабидің ескерткіші орнатылған мекенге барып қайтты. Ол Шәуілдірден 57 шақырым жерде орналасқан. Маяқұмның тұрғындары әлемді мойындатқан екінші ұстаздың туған жеріне мемлекеттен назар аударылып, қойылған ескерткіштің маңын абаттандырады деп күтуде.