Inicio Қоғам ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ

ТҮРКІСТАН: «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАЙТЫН ҚАДАМ

Түркістан қаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен және қолдауымен салынған 2000 орынға есептелген алғашқы «Жайлы мектеп» есігін айқара ашты. Жаңа мектептің ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен білім саласының ардагерлері қатысты.

Бұл нысан өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы ірі жобалардың бірі болып табылады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сапалы білім беру жүйесін дамытуға ерекше назар аударып келеді. Соның бір дәлелі ретінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын атап өтуге болады. Бұл жоба тек жаңа мектептердің ашылуымен шектелмей, оқу-тәрбие үрдісін жаңашылдықпен жүргізуге бағытталған. Түркістанда ашылған алғашқы «Жайлы мектеп» осының жарқын мысалы. Бұл білім ордасының ашылуы қаладағы мектептердегі жүктемені азайтуға және сапалы білім беру қызметін қолжетімді етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Жайлы мектептердің алғаш­қысының ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды мен білім саласының ардагерлері қатысты. Жаңа білім ұясы қаладағы 2 мектеп­тегі жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірінші кезекте мұнда №28 мектеп-лицейінің оқушылары көшіп келді. Қазіргі таңда 66 педагог ауысу тәртібімен, 7 педагог конкурстық тәртіппен қабылданған. Оқушы санының толығуына қарай өзге де ұстаздар конкурстық рәсіммен қабылдана­тын болады. Арнайы іріктелген ұстаз­дардан бөлек, қаржы, шаруа­шылық қызметкерлері жұмысқа алынған. 

Бұл өз кезегінде оқушылардың сапалы білім алуына үлкен мүмкіндік беріп, мектептегі оқушы санының көбеюіне байланысты мұғалімдерді де конкурстық негізде қабылдау жоспарланған. Жаңа мектеп заманауи талаптарға сай салынған. Білім ордасы төрт қабатты болып, физика, химия, биология және робототехника кабинеттерімен жабдықталған. Мұндай жаңашылдықтар оқушылардың білім деңгейін көтеруге және олардың ғылыми-техникалық бағыттағы қызығушылықтарын оятуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мектепте спорт және шеберлік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары қарастырылған. Мұндай инфрақұрылымдар оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда ұсталған. Биылдың өзінде мектептер бейнебақылау және дабыл жүйелерімен толықтай қамтылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланған. Бұл шаралар балалардың қауіпсіз ортада білім алуына септігін тигізеді. «Жайлы мектеп» тек жалпы білім беретін балаларға ғана емес, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасайды. Мектепте инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сат іске қосылған.

Жалпы алғанда, Түркістан қаласында ашылған алғашқы «Жайлы мектеп» – өңірдегі білім саласының дамуына жасалған маңызды қадам. Бұл білім ордасы қаладағы оқушы жүктемесін азайтып қана қоймай, сапалы білім беру жүйесін нығайтуға ықпал етеді. Заманауи жабдықтармен қамтылған кабинеттер, инклюзивті білім беру мүмкіндіктері және қауіпсіздік шаралары арқылы жаңа мектеп оқушылардың жан-жақты дамуына толық жағдай жасайды. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының табысты жүзеге асырылуы өңірдегі апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешуге септігін тигізеді.

Облыс орталығының жаңа қала аумағында салынған 4 қабатты білім ордасындағы физика, химия, биология және роботтехника кабинет­тері заманауи жабдықтармен қамтыл­­ған. Білім алушылардың жан-жақты дамуы үшін мектепте спорт, шебер­лік залдары, зертханалар мен демалыс аймақтары ұйымдастырыл­ған. Жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған. Бастауыш пен жоғары сынып оқушылары жекелеген блоктарда оқиды. Балалар­дың жас ерекшелігіне орай блоктар­дың әрқайсысы оқу сыныптарымен, санитарлық тораптармен, спорт залдарымен және жекеше­леген кіш­кене шкафтармен қамтыл­ған. Ерек­ше қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті кабинеттер, пандустар, жедел сатылар, арнайы бейімделген әжетханалар салынған. «Облыста білім саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігі барлық қажетті шараны қабыл­дап отыр. Соның ішінде білім ошақта­ры­ның аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігін толық­тай қамтамасыз ету басты мін­дет­тер қатарында. Мектептер бейне­­бақылау, дабыл жүйелері­мен қам­тылып, полицияның жедел басқару орталығымен интеграцияланды. Сіздердің мектептеріңіз жай ғана жаңа ғимарат емес. Бұл – даму мен оқу үшін тамаша жағдай жасалған орын. Еліміздің болашағы – білімді ұрпақтың қолында. Олар­дың оқуда озат болып, қоғамның бар­лық саласында биік белестерді бағын­дыруына тілектеспін», деді облыс әкімі мектептің ашылу салтанатында.

Айта кетейік, биыл Түркістан облысында жалпы сыйымдылығы 17 800 орын болатын 29 жайлы мектептің құрылысы жүргізіліп отыр. Жоғарыда айтып өткеніміз­дей, Президенттің тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 29 мектеп салынады. Жалпы, «Жайлы мектеп» ұлт­тық жобасы шеңберінде 2023-2025 жылдары жобалық қуат­тылығы 49 мың оқушы орындық 63 мектептің құрылысын жүр­гізу жоспарланған. Облыс әкімі­нің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев­тың айтуынша, жайлы мектептен бөлек облыстық бюджеттен және арнайы қордың қаржы көздерінен 20 мектеп пен 1 музыкалық мектеп бой көтерді. Оның төртеуі ел игілігіне тапсырылған. Қалған мек­тептердің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, биыл 14 білім ны­санын тапсыру көзделсе, 7 мек­тептің құры­лысы ке­лесі жылы аяқталады деп жоспар­ланып отыр. Түр­­лі жоба мен қаржыландыру көз­­дері есе­бінен екі жылда 50 білім ныса­­ны пайдалануға берілгенде өңір­дегі апат­ты және үш ауысымды мек­­теп­­­­тер мәселесі толық шешімін табады.