Inicio Қоғам ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Ауданның басты болашағы – ауыл шаруашылығы саласы. «Алтын күз» мерекелік шарасы алдымен ауданның ауыл шаруашылық саласындағы атқарылып жатқан жұмыстары мен жеткен жетістіктері туралы бейнефильм арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Бұдан соң мерекелік жиынды аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Садибаев сөз сөйлеп, ауыл шарушылық саласының еңбеккерлерін толайым табыстарын айта келе, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласында жемісті қызмет атқарып жүрген бір топ азаматтарды аудан әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылық саласы бойынша озат ауылдық округтер қатарынан көрінген 3 ауылдық округі әкімі марапатталды. Атап айтсақ, жүлделі 3 орынды Жүйнек ауылдық округінің әкімі Төребай Абдікәрімов алса, 2 орынды Иассы ауылдық округінің Санжар Тұрметов ие болды. Ал, Ескі Иқан ауылдық округінің әкімі Дилшод Саитов 1 орыннан көрінді. Сонымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев ауыл шаруашылық еңбеккерлерін «Алтын күз» мерекесімен құттықтап, бір топ азаматқа алғыс хат пен сый-сияпаттарын табыстады.

Сауран ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы басты міндеттерінің бірі Түркістан мен Кентау қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің жұмыстары ерен. Аудан бойынша биылғы жылдың он айында ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ, ауыл шаруашылық саласында жыл басынан 91 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,3% құрады.

Оның ішінде егін шаруашылығы – 65,9 млрд. теңге болса, мал шаруашылығы – 24,6 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,6% артық.

«АУЫЛ АМАНАТЫ» АУЫЛДЫҚТАРДЫҢ АБЫРОЙЫН АСҚАҚТАТУДА

Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында президент: Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек. Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал»,-деген болатын. Осыған байланысты Сауран ауданында биыл «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Сауран ауданы бойынша төрт ауылдық округі жобаға қатысты. Олар Оранғай, Қарашық, Ескі Иқан, Майдантал ауылдық округтері. Бүгінгі таңда 1 482,2 млн.теңгені құрайтын 273 азаматтың жобасы дайындалып, «Ырыс» микроқаржылық ұйымына ұсынылды. Оның ішінде 191 құжат мақұлданып (1263,8 млн теңге), 143 жоба (779,0 млн. теңге) қаржыландырылды. Бүгінгі күнге аудан бойынша 96 шаруа өзге облыстан 1157 асыл тұқымды мал сатып алса, 9 шаруа жылыжай салуда. Келесі жылы тағы да төрт ауылдық округі осы жобаға қатысатын болады. Келесі жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасына қатысушылардың қатары бұдан да арта түспек.

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ТАБЫС КӨЗІ

Жуырда ғана Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен өткен облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған «Алтын күз-2023» мерекелік шарасында Сауран ауданы «Су шаруашылығы нысандарын қалпына келтіруден және су үнемдеу технологияларын өндіріске енгізуден» озат аудан атанды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: Еліміздің кейбір өңірлерінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы босқа ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр. Олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет. Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек. Көктемгі қарғын суды жинау және оны егістікке жеткенше құмға сіңіріп жоғалтып алмау мәселесі шешімін табуға тиіс. Өйткені оның бәрі – ішкі су қорымыз. Ол үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу және 3500 шақырымдық каналды жаңғыртып, цифрлық тәсілмен бақылауға алу керек. Негізгі міндет – 2027 жылға қарай қосымша екі текше шақырым суға қол жеткізу»,-деп айтқан болатын.

Осыған орай, қазіргі таңда Сауран ауданында 12 гектар жылыжай салынып, тапсырма 100% орындалды. 14 агроқұрылым қосымша 110 гектарға тамшылатып суғару әдісін өндіріске енгізіп, тапсырма 110%-ға орындалып отыр. Шаға ауылдық округінде «Яссы Агро» ЖШС-і 150 гектарға жаңбырлатып суғару құрал-жабдығын орнатса, «JMJ Агро» ЖШС Жібек жолы ауылдық округінен 500 гектар, Шорнақ ауылдық округінен 120 гектар және «Тәуекел Агро» шаруа қожалығы 350 гектарға жаңбырлатып суғару технологиясын жыл соңына дейін орнатқалы отыр.

САЛАҒА МОЛ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛУДА

Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет»,-деген болатын.

Осы орайда Сауран ауданының агроөнеркәсіп саласының мамандары «Алтын күзді» толайым табыстармен қарсы алып отыр. Ауыл шаруашылығы саласына биылғы жылы 8,1 млрд.теңге инвестиция тартылды. Бұдан бөлек, 2024 жылға жалпы құны 10,9 млрд теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап өтетін болсақ, Шорнақ ауылдық округінен «Мусабеков Қуанышбек» шаруа қожалығы 400 гектарға тамшылатып суғару әдісі арқылы жоңышқа егу жобасын іске асырмақ. Инвестициялық жобаның құны 1,4 млрд. теңгені құрайды. Жібек жолы ауылдық округінен «JMJ Агро» ЖШС 1000 гектарға жаңбырлатып суғару әдісін енгізбек. Инвестициялық жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жаңа Иқан ауылдық округінен «АгроХолдинг Түркістан» ЖШС 1400 гектарға жаңбырлатып суғару әдісін енгізу жобасын қолға алғалы отыр. Инвестициялық жоба құны 1,6 млрд. теңгені құрайды. Жаңа Иқан ауылдық округінен «Казтекс» ЖШС-і 5 гектар жерге мақта кластерін дамыту үшін ғимарат құрылысы жұмыстарын жүргізуде. Инвестициялық жоба құны 800 млн. теңгені құрайды. Оранғай ауылдық округінен «БНК Агро» ЖШС-і 20 гектар жерге 400 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салуды жоспарлауда. Жалпы, инвестиция құны 2 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Шаға ауылдық округінен «SULTAN AGRO GROUP» ЖШС 10 гектар жерге 600 басқа арналған тауарлы сүт фермасын салу жоспарлауда. Жалпы, инвестиция құны 3,5 млрд. теңгені құрайды.

«Алтын күз» салтанатты шарасында қашанда қысы-жазы бел шешпей астық алқабынан шықпайтын бейнеткеш қауым мен мал өсіру саласының мамандары, үздіктері марапатталып, түрлі сый-сияпаттарға ие болды. Дәстүрлі «Алтын күз» жылда жалғасын табатын болады.

Ескендір ЕРТАЙ

АГРОӨНЕРКӘСІП: САУРАН АУДАНЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ – БАСТЫ НАЗАРДА