Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын 132 медицина қызметкері жұқтырған, оның 24 емделіп шықты. Ал пневмония дертінен өкінішке қарай, 5 дәрігер көз жұмды. Жұмыс барысында қайтыс болған ақ халаттылардың отбасыларына тиісті жәрдемақы көрсетіледі.
Бұл туралы облыс әкімі Ө. Шөкеев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте мәлімдеді.
«Қиын-қыстау кезеңде өзінің жанын аямай, науқастарға дер кезінде көмек көрсеткен дәрігерлер еңбегі ерен. Мен оларға алғыс айтамын. Өкінішке қарай, індеттен көз жұмған дәрігерлер де бар. Олардың отбасыларына тиісті көмек көрсету – бізге парыз», деді облыс әкімі.
Естеріңізге сала кетейік, коронавирус індетімен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған барлық қызметкерлерге материалдық үстемақы бойынша наурыз-маусым айларына 17 368 қызметкерге үш санат бойынша барлығы 2 867,1 млн. теңге берілген.
Inicio Қоғам ТҮРКІСТАН: ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ІНДЕТТЕН КӨЗ ЖҰМҒАН ДӘРІГЕРЛЕР ОТБАСЫЛАРЫНА ЖӘРДЕМАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ