Inicio Білім ТҮРКІСТАН: БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫН ЖАҚҚАН АЛТЫН ҰЯ

ТҮРКІСТАН: БІЛІМНІҢ ШЫРАҒЫН ЖАҚҚАН АЛТЫН ҰЯ

Киелі шаһардың шетінде орналасса да жаһандану заманынан шетте қалмай келе жатқан рухани һәм заманауи мектеп бар бұл қалада. Қазақ поэзиясының дүлдүлі, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы №11 жалпы білім беретін мектебі жайлы болмақ бүгінгі әңгімеміз. Бірер уақыт бұрын білім ұяларының жағдайына талдау жасап көру мақсатында сауалнама жүргізу үшін арнайы сұрақтар әзірлеп, киелі шаһардағы білім бөліміне қарасты жалпы орта мектеп басшыларына хат жолдадық. Сонан соң мектеп тынысын көзбен көріп, танысу үшін өзіміз бірқатар білім ұяларына барып қайттық. Хатымызға әр мектеп өз деңгейіне қарай жауап беруде. Мектептерді аралау барысында көптеген жағдайларға қанық болдық. Бірқатар мәселелерді тиісті басқармаларға жолдап, шешілу жолдарын қарастыруға ықпал жасаудамыз. «Түркістан» газетінің №18-19 санында шыққан ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов атындағы №1 мектеп-лицейінің қазіргі жай-күйі мен жеткен жетістіктерін мақаламызға арқау еткен болатынбыз. Осы орайда қаншама жылдық жүйелі жұмыстары арқылы ұстаз бен шәкірт арасындағы алтын көпірге айналған тарихы терең, тағылымы мол Жамбыл Жабаев атындағы білім ұясы жайлы оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Тарихы ертеден тамыр тартқан мектептің ең алғаш 1961 жылы іргетасы қаланған білім ордасы сол жылы қолданысқа беріліп, төрт жылдық тәлім мекемесі болып ашылған. Алғашында қазақ, өзбек, орыс тілдерінде ғана бала оқытатын білім ордасы тағылымды тарих беттерінде талай түлекті тәрбиелеген еді. Ал біз барған жаңа ғимарат 2015 жылы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілген екен. Аталмыш білім ордасы 300 орындыққа арналса да, қазіргі таңда 634 оқушы екі ауысыммен білім алып жатыр. Білім ордасын басқарғанына 1 жарым жыл ғана уақыт болса да өзінің ізденімпаздығы мен талапшылдығының арқасында ұжымды біріктіріп, білім ұясына көптеген жаңашылдықтар енгізіп, мектептің техникалық базасын жаңартуға үлкен ықпал жасаған мектеп директоры Өмірбекова Индира Сатыбалдықызының еңбек өтіліне тоқталар болсақ, ол 18 жылдан аса қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып шәкірт тәрбиелеген білікті ұстаз. 600-ден аса баланың талабын байқап, талғамынан шығып, қалауын таба білген ұстаздар қауымына, зайырлы мемлекеттің ертеңі үшін зияткер шәкірттер тәрбиелеп заманауи білім ордасына айналдырған ұжымға айтар алғысымыз шексіз. Сөзімізге дәлел болсын, аталмыш оқу ордасындағы шәкірттердің ішкі мәдениеттері мен үлкенді сыйлау, үлкенге сәлем беру секілді тағылымды тәрбие мен білімді бойына жиып, армандарына қанат бітіріп жатқанының куәсі болдық. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ювеналды полиция тіркеуінде тіркелгендер жоқ. Биылғы оқу жылында мектепті бітіруші түлектер саны – 21, оның ішінде 3 алтын белгіге үміткер бар. Олар ғылыми жоба, олимпиада, т.б жетістіктері бар 11 сынып оқушылары – Райымжан Асылай, Тұрсын Айжан, Хасан Зарина. Сондай-ақ 2 үздік аттестат иеленуге үміткер бар. Олар: Кабулова Гулжаухар мен Құжат Мөлдір. Мектеп ұжымы түлектердің 90 пайызынан жоғары үміт күтіп отыр.

Жыл сайынғы бітіруші түлектердің білім нәтижесіне қарай мектептің мәртебесі өсетіні белгілі. Жоғары көрсеткіш көрсету мектеп ұжымының тынымсыз еңбегі мен шәкірттердің білімге деген ынта-жігеріне байланысты десек қателеспейміз. Мектепте 86 мұғалім оқушыларға білім беріп, шәкірт тәрбиелеуде. Оның ішінде 26 мұғалім педагог-зерттеуші, 15 мұғалім педагог-сарапшы, 25 мұғалім модератор, 3 мұғалім педагог санатында. Сонымен қатар білім ордасында жоғары санаттағы, еңбек өтілі 25-30 жылдан асқан тәжірибелі педагогтер білім береді.  Мектептің материалдық-техникалық жағдайы жақсы, мектеп базасы соңғы үлгіде жаңартылған, барлық кабинет заман игілігіне сай LED экрандарымен және жаңа технологиялармен жабдықталған. Осы орайда қаншама атқарылып жатқан жұмыстар мен жаңашылдыққа жасалған бетбұрыстардың артында «бір әттеген-айы» бары жасырын емес. Неге десеңіз, аталмыш білім ұясында интернет жылдамдығы небәрі 20/40 МГ-ты құрайды. Кейде сабақ барысында барлық LED экрандары қосылған жағдайда интернет сапасы нашарлайтыны, шетте орналасқандықтан жиі жарық та өшіп жататыны тағы бар. Ал «Қазақтелеком» арнайы онлайн тестілеу кезінде интернет сапасын жақсартып бергенмен, одан бөлек жай күндері мектепте байланыс сапасы көңіл көншітпейтіні тағы бар. ХХ ғасырда «Жамбыл – менің жай атым, Халық – менің шын атым» деп жырлаған жыр алыбы халықтың ғасырлар бойғы көкейінде жүрген арманын өлеңмен жеткізген еді. Біз редакция тарапынан халықтың көкейіндегі арманы мен тілегін тиісті орындарға жолдап, алдағы уақытта мәселелер толығымен шешілуіне ықпал жасайтын боламыз.

Мектептің материалдық-техникалық жай-күйі жақсы деңгейде дедік қой, жоғарыда. Оған себеп те бар. Бізді таңғалдырған дүние –  бұл мектепте бұлжымас жүйе қалыптасқан секілді. Ол – оқушының талабы мен қалауын табу арқылы жетістікке жету жолы. Тіпті еңбек пәні кабинетінің бір бөлігін оқушылардың жасаған бұйымдарын жинақтап, мұражай секілді жасақтап қойған. Ол жерге домбыра, қобыз, киіз үй және т.б. секілді түрлі ұлттық-мәдени бұйымдар топтастырылған. Түрлі техникалар мен станоктар, мұрын жарар ағаштың иісі бәрі де өзгеше әсер сыйлайды. Жуырда еңбек пәні барысында «Біз қамқоршы баламыз, құстарға ұя саламыз!» атты акция өтті. Акция аясында қоршаған ортаны жанашырлықпен қорғауға бейімделіп, құстарға арнап пән бірлестігі мен оқушылар бірігіп жасаған құс ұяшықтарын мектеп ауласындағы ағаштарға іліп шықты.

Биылғы оқу жылында 1-4 сыныптарда оқитын 223 оқушыны ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Жалпыға міндетті білім қоры» есебінен жеке санаттағы 67 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Тамақ сапасы мен құнарлығы мектеп оқушыларының ата-аналары арасында үнемі бақыланып отырады. Сондай-ақ күнде таңертең мектеп медбикесі мен социология маманы асхананы тексеріп, асханаға жеткізілетін тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдері мен жағдайларына үнемі қатаң қадағалау жасайды. Асхананың материалдық-техникалық базасы жақсы деңгейде. Қойма бөлмесі, мұздатқыш, ауа тазалағыш жұмыс жасап тұр. Жасөспірімдердің ішетін тамақ нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы мектеп ұжымы үшін басты назарда. Бұл да бір мектепішілік қалыптасқан ішкі жүйе деп түйдік. Өзге мектептерге де бұл тәжірибелерді іске асырсақ деген ой туындады.

Жыл басында білім ұясында Түркістан қаласының білім бөлімінің 25.01.2024 ж. №41-03/273 хаты негізінде мультипликациялық бағдарламалар мен бейнероликтер жеке ақшаны басқару дағдылары, ақшаны жинақтау және үнемдеу қажеттілігі, банк өнімдері және цифрлық киберқауіпсіздік тақырыптары бойынша 1-11 сынып оқушыларына, сыныптардағы LЕD экрандарынан көрсетілді. Аталмыш іс-шара оқушылардың экономикалық білімдерін тексеру, тиянақтау, одан әрі танымдылық қабілеттерін арттыру және т.б. мақсатында өтті. Жалпы айтқанда мектепте қаржылық сауаттылық және экономика негіздерін оқытудың басты мақсаты – оқушыларды экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру, іскерлікке, қаржылық сауаттылыққа тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани және материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға қаруландыру.

P.S:

ХХІ ғасыр ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманы ғана емес, өзгерістер кезеңі болып тұр. Соған сай балаларды қалыптастыру жолында білім беру саласының ұдайы өзгеріп, дамып отыруы – заңдылық. Мемлекет басшысы дәстүрлі Тамыз кеңесінде отандық білім беру жүйесінің үздік үрдісін сақ­тай отырып, бір орында тұрып қал­май, әрдайым даму жолын­да болу керектігін атап өткен болатын. Пре­зи­­дент­тің айтуынша, бәсекеге қа­бі­летті балаларды қалыптас­ты­ру­да басты үміт мұғалімдерге арты­ла­­ды. Педагогтардың, әл­бет­те  ата-ана­лардың да міндеті – елі­міз үшін лайықты азаматтарды тәрбиелеу. Жаңа ұрпақты ал­дағы сын-қатерлерге дайындау қажеттігін, бұл ретте балалар еңбексүйгіштік идеялары мен құндылықтары негізінде тәр­бие­ленуі тиіс екенін тілге тиек етті. Мектеп – ертең мен бүгінді жалғайтын білім ошағы, сәулелі болашаққа апарар кеме. Елімізде қазіргі таңда есепсіз білім ордалары салынып, ұрпаққа жаңаша бағытта білім таратуға атсалысу үстінде. Тарихы тағылымға толы, руха­нияты биік білім ордасының алар асуы алда. Талай ұрпақтың көкірек көзін ашқан білім ордасының атауы тарих сахнасында алтын әріппен жазылары сөзсіз. Түркістан қаласында ертеректе салынған оқу орны болып іргетасы қаланып, қазіргі таңда қайта түлеп-түрленген білім ошағының келешегі кемел болсын деп тілейміз.

Азамат ӘЛІБЕК.

ТҮРКІСТАН: БІЛІМНІҢ ШАМЫН ЖАҒЫП, ӨНЕРДІҢ БАБЫН ТАПҚАН АЛТЫН ҰЯ