Inicio Қоғам ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Түркістан облысы Келес ауданында жаз мезгілі демалыс кезеңіндегі қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бала болашағы біздің жауапкершілігімізде екенін естен шығармай назарда ұстауға шақырамыз. Бала – адамның өмірдегі ең маңызды жетістігі, елдің ертеңгі болашағы. Оның күлкісі бүкіл әлемге сән береді.
Бүгінде еліміздің кішкентай азаматтарының қауіпсіздігіне қаншалықты көңіл бөліп жүрміз? деген тақырыпта Келес ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындарына жас бүлдіршіндеріміздің қауіпсіздігіне барынша көңіл бөлу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жаз мезгілі – балалар үшін қауіпті кезеңнің бірі. Өйткені осы уақытта олар түрлі жарақат алып жатады. Мәселен, құлау, күйіп қалу, улану, тұншығу, суға бату, жол-көлік оқиғалары және т.б.
Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі:
Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек;
Кемеге жақын жүзуге болмайды;
Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды;
Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды;
Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек;
Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды;
Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.


Балалардың жарақат алуына себеп болатын бір жағдай – терезеден құлау оқиғасы. Құлау салдарынан әлем¬де күн сайын 130 бала көз жұ¬мады екен. Көп жағдайда 2 жастан 7 жасқа дейінгі балалар терезеден құлау қауіп-қатеріне жиі ұшырайды, бұл жастағы балалар терезе алдында ойнаудың қаншалықты қауіпті екенін түсінетін жаста емес.
Көп жағдайда балалардың құлауы олардың ата-анасының қарауынсыз қалуы себебінен орын алады. Қасіреттің алдын алу үшін, кішкентай балаларды жалғыз қалдырмау керек. Сонымен бірге барлық жиһаздарды бала терезе алдына шыға алмайтындай етіп, терезе жанынан алшақ қою ұсынылады.
Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.