Inicio Қоғам ТҮРКІСТАН: АНТИКОРДАН КЕЛГЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

ТҮРКІСТАН: АНТИКОРДАН КЕЛГЕН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНА ЖЕТКІЗІЛДІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударып, жиналған 27 млн.теңгеге ел аумағында орналасқан медициналық ұйымдарды 25 дана оттегі концентраторымен қамтамасыз еткен болатын.
Соған сәйкес, тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылатын және өнімділігі минутына 10 литрді құрайтын оттегі концентраторларының 2 данасы Түркістан облысының игілігіне берілген еді.
Осыған орай, бүгін Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері мен «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері аталған қос құрылғының Түркістан облыстық балалар ауруханасына тасымалдану барысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, бүгін Қытай елінен гуманитарлық көмек ретінде келген 590 дана «Ляньхуа Цинвэнь Цзяонан» капсуласын қабылдап алып, облыстағы медициналық емдеу мекемелеріне жеткізілуін қадағалады.
Өз кезегінде, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тарапынан шет мемлекеттерден келген гуманитарлық көмектің облысқа қарасты қала/аудандарға толық тасымалдану барысына тұрақты негізде мониторинг жұмыстары жүргізілуде.