Өңірімізде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, жалпыға ортақ сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру мақсатында іске қосылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен қала/аудандардағы «Адалдық алаңы» кеңселері осы бағытта қарқынды жұмыстар жүргізуде.
Жобалық кеңсе менеджерлерімен халық көп шоғырланатын орындарда азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп, Агенттіктің бастамалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында тұрғындарға сыбайлас жемқорлықпен күресу жолындағы байланыс деректері көрсетілген «ЕГЕР СІЗДЕН ПАРА ТАЛАП ЕТСЕ!?», «ПАРА БЕРУ – БАС БОСТАНДЫҒЫҢНАН ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫҢНАН АЙЫРАДЫ!» тақырыбындағы ақпараттық брошюралары таратылды.
Естеріңізге сала кетейік, Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары, егер Егер Сізден пара беруді талап етіп жатса, осы фактілер туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 CALL орталығының тікелей желісіне хабарлауыңызға мүмкіндігіңіз бар. Қоңырау шалу тегін, әрі құпия.
Inicio Қоғам «ТҮРКІСТАН-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ ТҰРҒЫНДАРҒА НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫН КЕҢІНЕН ЖҮРГІЗУДЕ