Inicio Қоғам Түркістан облысының бірқатар табиғи монополия       субъектілеріне әлеуметтік тұтыну нормалары енгізілді

Түркістан облысының бірқатар табиғи монополия       субъектілеріне әлеуметтік тұтыну нормалары енгізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына төртінші Жолдауында инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу қажеттігі туралы айтылған болатын.

Бұл жұмыс, ең алдымен, энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс.

Энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекіту керек. Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе.

Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алу қажет. Алайда тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында жалғыз қалмауға тиіс.

Ағымдағы жылы тарифтерді саралау бойынша қолданыстағы заңнамаларға бірқатар өзгерістер енгізілді, оның бірі жеке тұлғаларды табиғи  ресурстарын үнемдеуге ынталандыру үшін қызметтерді әлеуметтік нормамен тұтыну болып табылады .

Атап айтатын болсам, сумен жабдықтау саласында тарифті саралау 4 топқа бөлінеді:

1) халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылу энергиясын өндіру процесінде өз мұқтаждарына суды тұтыну көлемі және ыстық сумен жабдықтау қызметтерін көрсету кезінде (ыстық сумен жабдықтаудың ашық жүйесі кезінде) үстемелеп толтыру көлемі шегінде жылу энергиясын өндірумен айналысатын ұйымдар, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар көлемінің шегінде жылу энергиясын берумен және бөлумен айналысатын ұйымдар және сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар – бірінші топ;

2) өзге тұтынушылар – бірінші және үшінші топтардың құрамына кірмейтін заңды тұлғалар – екінші топ;

3) бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар – үшінші топ.

Жеке тұлғаларды ресурс үнемдеуге ынталандыру мақсатында бірінші топтың сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифі тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша сараланады:

1-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

2-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

3-кіші топ – 1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;

4-кіші топ –1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар.

Осыған орай, бір қатар субъектілерге әлеуметтік тұтыну нормалары еңгізілді.

Атап айтқанда, олар:

«Түркістан-Су» МКК тарату желілері бойынша су беру жөніндегі қызметтерге тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер

Топтың атауыТұтынушылар топтарыДепартаментпен бекітілген, теңге/м3 без НДС
01.10.2024-30.11.2024гг.01.12.2024-30.09.2025гг.
Орташа тариф89,6287,88
1 топ:Халық санатына жататын жеке тұлға63,0063,01
1-кіші топ1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;63,0063,01
2-кіші топ 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;75,6175,61
3-кіші топ1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;94,5194,51
4-кіші топ1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар.126,01126,02
2 топБасқа тұтынушылар – заңды тұлғалар176,92176,94
3 топБюджет есебінен қаражаты ұйымдар188,7879,71

«Жетісай су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер

Топтың атауыТұтынушылар топтарыУәкілетті орган бекіткен теңге/м3 без НДС
1 топ:Халық санатына жататын жеке тұлға62,50
1-кіші топ1 адамға шаққанда айына 3 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;62,50
2-кіші топ 1 адамға шаққанда айына 3 м3-ден астамнан 5 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;75,00
3-кіші топ1 адамға шаққанда айына 5 м3-ден астамнан 10 м3-ге дейін реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар;93,75
4-кіші топ1 адамға шаққанда айына 10 м3-ден астам реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынатын халық санатына жататын жеке тұлғалар және суды есепке алудың жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар.125,00
2 топБасқа тұтынушылар – заңды тұлғалар156,43
3 топБюджет есебінен қаражаты ұйымдар146,42

Жылу энергиясымен жабдықтау саласында тарифтерді саралаужалпы ауданның мөлшерін ескере отырып жылу энергиясын тұтынудың әлеуметтік лимиттерін белгілеу шеңберінде бірінші топ тұтынушылары, халық санатына жататын жеке тұлғалар үш кіші топқа бөлінеді:

1-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100 м2 -ге дейін;

2-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 100-ден астам және 200 м2-ге дейін;

3-кіші топ – халық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын аудан 200 м2 -ден астам.

«Кентау Сервис» МКК 2024-2027 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге тұтынушылар топтары бойынша сараланған тарифтер

Топтың атауыТұтынушылар топтарыӨлшем бірлігіУәкілетті орган бекіткен, ҚҚС жоқ
           01.11.2024ж.
Орташа тарифтенге/Гкал6497,24
1 топхалық санатына жататын жеке тұлғалар, оның ішіндетенге/Гкал2153,36
есептеу құралыментенге/Гкал1898,5
есептеу аспаптары жоқтенге/Гкал2584,04
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшерітенге/м292,51
1 кіші топхалық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын ауданы 100 м2 дейін, оның ішіндетенге/Гкал2153,36
есептеу құралыментенге/Гкал1898,5
есептеу аспаптары жоқтенге/Гкал2584,04
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшерітенге/м292,51
2 кіші топхалық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын ауданы 100-ден 200 м2-ге дейін, оның ішіндетенге/Гкал2368,7
есептеу құралыментенге/Гкал2088,35
есептеу аспаптары жоқтенге/Гкал2842,44
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшерітенге/м2101,76
3 кіші топхалық санатына жататын жеке тұлғалар, жылытылатын ауданы 200 м2 астам, оның ішіндетенге/Гкал6497,24
есептеу құралыментенге/Гкал
есептеу аспаптары жоқтенге/Гкал
тұрғын алаңның 1 м2 үшін төлем мөлшерітенге/м2
2 топбірінші және үшінші топтарға жатпайтын өзге де тұтынушылар, оның ішіндетенге/Гкал5094,96
есептеу құралыментенге/Гкал3566,47
есептеу аспаптары жоқтенге/Гкал11208,91
3 топБюджет қаражаты есебінен ұсталатын бюджеттік ұйымдар, оның ішіндетенге/Гкал28721,46
есептеу құралыментенге/Гкал27455,82
есептеу аспаптары жоқтенге/Гкал43082,2

Аталған әлеуметтік нормадан түсетін пайда субъектімен тек қана желелерді қайта жаңғырту, жөндеу, модернизациялау және активдерді жаңартуға бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті