Inicio Қоғам ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН ЖЕҢІЛДЕТІП ЕДІК, ҚАЗАҚСТАНДА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ – Е.ҚИЯСОВ

ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫН ЖЕҢІЛДЕТІП ЕДІК, ҚАЗАҚСТАНДА КВИ ЖҰҚТЫРҒАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ – Е.ҚИЯСОВ

Соңғы 5 күнде тәулігіне 1 мыңнан астам жағдай анықталды. Қаңтармен салыстырғанда ақпанда ауру 30% төмендеген. «Өткен аптамен салыстырғанда осы аптада науқас саны 12% өсті (5 323-тен 5799-ға дейін). Қазақстан «жасыл аймақтан» «сары аймаққа» ауысты», – деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов.Мамандар елімізде шектеу шаралары жеңілдетілгендіктен сырқаттанғандар саны артты деп отыр.«Шектеу шараларын жаппай жеңілдету салдарынан ауру өрши түсті, мәселен, эпидемиологиялық жағдайға байланысты қауіпті аймаққа көшкен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин күшейтілді», – деді вице-министр. Оның үстіне 2020 жылғы 6 қазаннан халықаралық әуе рейстермен 322 600 астам жолаушы келді, оның 44 805-і немесе 14% тест тапсырып, 239 адамнан ауру анықталды. Сары және жасыл аймақтағы өңірлерде карантин режимі барынша жеңілдетілген. Сонымен қатар, мониторингтік топтардың жұмысы жалғасуда. Мәселен, ақпанда қаңтармен салыстырғанда рейд саны 1,3 есеге (15450-ден 19923-ке дейін) көп. Вице-министр республикада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жалғасып жатқанын еске салды. Бірінші кезеңде 83 839 адам егу салдырды. 22 ақпаннан вакцинацияның екінші кезеңі басталды, 19 312 адам вакцинацияланады, жағымсыз реакция тіркелген жоқ. Наурыздың соңына қарай «Спутник V» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіледі деп жоспарланған, 1 сәуірге дейін екпе өңірлерге таратылады. Е.Қиясов қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын, әлеуметтік арақашықтық, маска режимін сақтауды еске салды. Вице-министр тұрғындарға, бизнес өкілдеріне жағдайға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды.