Қала аумағында қазіргі таңда онға тарта саябақтар жұмыс істейді. Саябақтардың жағдайымен танысу үшін аудан әкімі Қайрат Жолдыбай бастаған топ қала ішінде орналасқан демалыс аймақтарын аралап көрді. Аудан әкімдігі алдындағы «Ұрпақтар сабақтастығы» саябағы 2007 жылы ашылып, «Алты алаш» алаңынан су қоймасына дейінгі қараусыз жатқан жерге тал көшеттері отырғызылғанын көпшілік ұмыта қоймаса керек. Бүгінде ну орманға айналып үлгерген бұл аумақтың да өзіне жетер проблемасы бар болып шықты. Аудан басшысы ол мәселені аяқсыз қалдырмайтынын жеткізді. Қайрат Жолдыбайұлы саябақ ішіне халықтың келіп демалуына жағдай жасап, абаттандыру, аяқжол салу, спортпен айналысуға мүмкіндіктер жасау туралы ұсыныс беру жөнінде тиісті мекемелерге тапсырма берді.
«Тұңғыш Президент», «Бекзат Саттарханов», «Тәуелсіздік», «Ұлы дала», «Тың игерушілер» саябақтарында болған аудан басшысы:
–Демалыс орындарын ретке келтіру үшін арнайы отырыс өткіземіз. Саябақтардың барлығын да қайтадан жоспар жасап, жұмыс жүргізуіміз қажет, – деді Қайрат Жолдыбайұлы.