Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында:
Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек. Алайда, бізде екіден алты жасқа дейінгі балалардың жартысынан астамы ғана балабақшаға барады. Мұндай олқылыққа жол беруге болмайды.
Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек. Осы саладағы мамандарға қойылатын нақты талаптар бекітілуге тиіс. Олардың жұмыс жүктемесін де біртіндеп азайтқан жөн. Өз ісіне адал ұстаздар білім беру саласының дамуына зор үлес қосады. Сондықтан, балабақшаны емес, тәрбиешіні аттестациялау қажет. Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.
Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек, – деді Президент.
Осы орайда облыс тұрғындарына Сауран ауданындағы Т.Айтжанов атындағы жалпы білім беретін мектебі жайлы маңызды мағлұматтарды ұсынып отырмыз. Сауран ауданы білім бөліміне қарасты барлық білім ошақтарының басшыларына мектептердің қазіргі материалдық-техникалық жағдайы, оқушылардың білім деңгейі, мұғалімдердің біліктілігі туралы сауалдарға жауап алған едік. Сауран ауданының білім бөліміне қарасты Т.Айтжанов атындағы мектептің директоры Қанат Тасболатұлы Байтишевтің біздің тарапымыздан қойылған сұрақтарға берген жауабымен таныс болыңыздар.
– Жас мамандардың мектепке орналасуына кедергі көп деген шағымдар әлі күнге дейін толастар емес. Соның салдарынан көптеген жастар дипломы бола тұра басқа салаларда еңбек етуде. Мектептегі бос орындарға жас мамандарды қалай таңдап аласыз?
– Жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешу үшін мемлекет елдің жас азаматтарын кәсіпкерлік қызметке тартуға әрекет жасайды, бұл, жалпы, барлығына да қоғамға да,‒ азаматтарға да, мемлекеттің өзіне де тиімді. Екінші жағынан, басқа жас категорияларының арасында кәсіпкерлік, объективті себептерге байланысты, жаңалыққа жат емес, өзгермелі жағдайларға тез бейімделетін жастардың рухына жақынырақ келеді, бұл дамыған елдерде жеткілікті түрде табысты пайдаланылып, белсенді ынталандырылады. Жастар өздерінің еңбек қабілеттерін лайықты бағалай ала алмайтын бола тұра, еңбек нарығындағы жарамдылықтарын жиі асыра бағалайды. Тағы бір мәселе – кәсіпорындар жұмыс тәжірибесі жоқ қызметкерлерге қызығушылық танытпайды, әңгіме «бірінші жалдаудың
тұзағы» жайлы. Көптеген зерттеушілер жастар жұмысқа қабылдау кезінде жас ерекшелігі бойынша ғана емес, әлеуметтік-экономикалық жағынан да кемсітушілікпен бетпе-бет келетінін атап өтеді. Жас маман 3 жылға дейін қателер жіберіп жатады. Жұмысқа орналасқанға дейін жалпы заңды білу қажет. Еңбек кодексімен танысып алғаны жақсы. Жас маманға тәлімгер тағайындалады. Жас маманның айтуынша, жұмысқа орналасар кезде ең бастысы жас маман өзіне және біліміне сенімді болса жеткілікті.
– Мектептегі педагогтердің, жалпы оқушылардың ұлттық құрамын сонымен бірге, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен сабақ беретін ұстаздардың аты-жөні жөнінде мәлімет бере кетсеңіз?
– Мектепте 109 педагог қазіргі таңда жұмыс атқаруда. Жалпы мектепте оқушы саны 809. Оның 339 өзбек ұлты,470 қазақ . Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен сабақ беретін ұстаздардың саны 12. Олар: Қ.Байтишев, Д.Бердибекова, К.Сүлейменова, Ш.Нұрходжаева, В.Қарабаева, Ж.Илясова, Г.Сапарова, М.Сырымбетова, Г. Жакупова, Ф.Айтимбетова, М.Бейсенбаева Ж.Ергешбай.
– 2020 жылы ұлттық стандартқа сай білім беру мекемелерінде қыздарға және ұлдарға арналған жеке гигиена кабиналардың болуын міндеттеді. Олар ғимараттың әр қабатында орналасуы керек. Тағы қызметкерлердің өздерінің де жеке дәретханасы болу талап етілген болатын. Өзіңіз басқарып отырған мектеп жоғарыдағы стандартқа қаншалықты сай?
– Иә 2020 жылы ұлттық стандартқа сай білім беру мекемелерінде қыздарға және ұлдарға арналған жеке гигиена кабиналардың болуын міндеттелді. Олар ғимараттың бірінші қабатында орналасқан. Қызметкерлердің өздерінің де жеке дәретханасы бар. Бұл мектеп жоғарыдағы стандартқа барынша сай.
– Мектептегі педагогтер құрамын және санатына қарай біліктілік деңгейін атап өтсеңіз?
– Мұғалімдердің кәсіптік деңгейін көтеретін- олардың біліктілік санаты. Бізде өзге ұлт өкілі 39 педагог. Педагог шебер -2, педагог зерттеуші -17, педагог сарапшы- 41, педагог модератор – 26 мұғалім. Мұғалімдердің барлығы 100% біліктілік курсынан өткен. Санаты жоқ мұғалімдер – 23.Педагогикалық ұжымда барлық жұмыс істейтін мұғалімдер саны -109, олардың 109 – жоғары білімді ұстаздар, оның ішінде 2 мұғалім бала күтімі демалысында. Қазақстан Республикасының білім беру ісінде марапатталғандар: «Қазақстан Республикасының Құрметті қызметкері»-1, «ҚР Білім беру ісінің үздігі – 3.
Мұғалімдердің орташа жасы -40. Мектепте психолог-2, қосымша педагог -1, аға тәлімгер-1, кітапханашы-2, логопед-1 қызмет атқарады. Мектеп ұжымында тұрақтылық басым, себепсіз жұмыстан кету фактілері жоқ. Мектептің педагогикалық кадрлары мен қызметкерлерінің еңбек тәртібі арнайы акт жүйесі арқылы анықталған: ішкі еңбек тәртібі, міндетін анықтайтын нұсқаулықтар, жеке еңбек шарты жасалынған. Мектеп штаттық кесте негізінде жұмыс істейді. Директордың, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілерінің, әдістемелік бірлестік жетекшілерінің, психологтардың, әлеуметтік педагогтың, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларының, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының,директордың
шаруашылық істер жөніндегі орынбасарының, есепшінің, қарауылдың, кіші қызметкерлердің, аға тәлімгердің т.б. міндетін анықтайтын нұсқаулықтар жасалынып,бекітілген. Мектеп әкімшілігі кадрларды штаттық кестеге сәйкес, дипломы бойынша мұғалімдердің және қызметкерлердің біліктілігін, мамандығын негізге ала отырып қабылданылған.
– Қазіргі таңда мемлекеттік мектептермен бірге жекеменшік мектептердің де саны артып келеді. Осы аралықта өзіңіз басқарып отырған мектептің жеке мектепке қарағандағы ерекшелігін айтып өтсеңіз?
– Жыл өткен сайын жекеменшік мектептердің саны артып келеді. Бұрын тек бай- бағландардың баласы оқитын мектепте қазір орта таптыңда ұл қыздары білім алып жүр. Өзім басқарып отырған мектептің жеке мектептен ерекшелігі, негізгі ұстанымдары мыналар: тегін оқу, білім берудің әртүрлілігі, инклюзивті оқыту, мемлекеттік стандарттардың сақталуы. Мұнда еңбек ететін ұстаздардың білім деңгейі тест арқылы тексеріліп отырады. Ұзақ жыл бойы мектеп қабырғасында қызмет жасап, мыңдаған шәкірт тәрбиелеген ұстаздар көп. Мемлекеттік мектепте әртүрлі бағдарламалар арқылы бала түрлі сайыстарға тегін қатысып, талантын шыңдауға мүмкіндік алады. Мектеп қабырғасында әртүрлі үйірме жұмыс істейді. Биылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен 1-4 сынып оқушылары 100 пайыз мектеп тамағымен қамтылды. Мемлекеттік мектептер – әлемнің барлық еліндегі балалар үшін білім беретін, бюджет арқылы қаржыландырылатын білім ордасы. Мемлекеттік мектеп әлеуметтік, экономикалық жағдайына қарап бөліп-жармай барлық балаға бірдей базалық орта білім береді.
– Қазіргі таңда мектептің мақтанышына айналатын оқушыларыңыз бар ма. Болса олардың жетістіктері жөнінде мәліметтер ұсынсаңыз?
– Әрине мектептің мақтанышына айналған оқушыларымыз бар. Мысалы: Оқушылардың пәндік олимпидасының аудандық кезеңінде 22 оқушы жүлделі орынға, олимпиаданың облыстық кезіңінде 6 оқушы жүлделі орынға ие болды. Ауыл олимпиадасы Республикалық кезеңінде 10 сынып оқушысы Палмай Ерасыл жүлделі 2 орынға ие болды.
– Мектеп ауласын тазалауға, көгалдандыруға оқушылардың үлес қосқанын дұрыс деп есептейсіз бе. Қазіргі таңда осы аталған мәселені қалай шешіп жатырсыздар?
– Мектеп әкімшілігі мен оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары бірлесе отырып, «Жасыл желекті менің мектебім» атты жобаны қолға алынған. Жобаның мақсаты: Мектеп ауласын көгалдандыру және көгерістендіру, қоршаған ортаны қорғау, құрметтеу және қоғамға риясыз қызмет ету болып табылады. Мектеп айналасы үш жылдық еңбекті ақтап, бой көтеріп келе жатқан талдар мен көздін жауын алатын түрлі әсем гүлдермен жайқалып тұр. Егерде қаламыздағы әрбір мекеме осы жобаны қолға алып, дамытар болса, экологиялық мәселе болмас еді. Осы орайда, «экологиялық тәрбие – Жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа деген парасаттылығын, жауапкершілік қарым – қатынасын қалыптастырады» – деген қағиданы басты назарға алып жастарымызды кішкентайынан тәрбиелегеніміз абзал болар.
– Мектеп ғимараты мектеп оқушыларына сапалы білім беру барысындағы талаптарға сай келе ме?
– Мектеп ғимараты 2011 жылы желтоқсан айында 300 орындық орта мектеп жобасымен пайдалауға берілген. Қабат саны-3. Жалпы пайдалы ішкі алаңы 2661 ш.м .Бір негізгі ғимараттан тұрады. Типтік спорт залымен, мәжіліс залымен, асханамен, қосалқы құрылыстармен қамтамасыз етілген. Ғимарат ішінде өртке қарсы және қауіпсіздік техникасы ережелері сақталған. Жарық және сумен қамтамасыз етілген.Қазіргі уақытта жылу қатты отынмен жылытылады. Сапалы білім беру барысындағы талаптарға сай. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы, А.Байтұрсынов 3 , Почталық мекен-жайы:161221. Байланыс телефоны: 87253646650. Электрондық почта : Tyr_Aitjanov@mail.ru
– Бүгінгі таңда мектептегі жалпы оқушылар саны және мектеп ғимаратының сыйымдылығы қанша оқушыға арналған. Сонымен бірге қанша ауысымда оқиды?
– Мектеп ұжымы дәстүрлі 5 күндік кестемен жұмыс істеді. Сабақ таңертен 08.00-де басталып, түскі 14.00-ке дейін өткізілді және 14.00 ден-19.00 ге дейін екі ауысымда оқиды. Жалпы оқушылар саны 806. Сыйымдылығы 300 оқушыға арналған
– Мектепке демеушілер есебінен соңғы үш жылда қосымша қолдау көрсетілді ме. Егер көрсетілсе қандай мәселелеріңізді шешуге қол жеткіздіңіздер?
– Мектепке демеушілер есебінен Қосмезгіл елді мекенінің тұрғыны, жеке кәсіпкер Құдайбергенов Құдірет мектепке жихаздар алып беріп, жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп, оқу-құралдары, мектеп формасын беру арқылы жәрдемдесуге бағытталған түрлі акцияларға қатысты. Республика деңгейінде өткізілетін «Мектепке жол» акциясы – оқу құралдарын түгендеп, жаңа оқу жылының дайындығына үлес қосқан. Кәсіпкерлер әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қажетті
құралдарды сыйға тартты.
– Мектептің ағымдағы және жөндеу жұмыстарына мемлекет есебінен қаржы қаралды ма? Егер қаралып, соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, мердігерлердің жұмыс сапасына көңіліңіз тола ма?
– Мектептің ағымдағы 2022-2023 оқу жылында және жөндеу жұмыстарына мемлекет есебінен білім бөлімі тарапынан қаржы қаралып, мектептің жылу қазандығына жөндеу жұмысын жасап берді. Сол себепті бізде қыс уақытында еш қиындықтар болған жоқ.
– Мектептегі Интернет жылдамдығының көрсеткіші қандай?
– Бүгіндері өңірдегі мектептер 100 пайыз ғаламтор желісімен қамтылған. Қазіргі күні мектеп бойынша Интернет жылдамдығының орташа көрсеткіші – 14 Мб/с
Ләззат САРЫБАЕВА.