«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес бірқатар кандидаттар «Есіктен есікке» акциясы аясында Тасарық ауылдық округінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Есіктен есікке» акциясы аясында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Р.Сайлауұлы, Е.Майлыбеков, А.Жандарова М.Турымбетов, А.Омаров, Е.Жабаев, Г.Қарабаева, Ғ.Нұрмаханова және Т.Тастанов Тасарық ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аталмыш шарада халықтың мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына көңілдері толатынынына көз жеткізіп қайтты. Акция барысында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдап, онда кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Мемлекеттің әлеуметтік саясатын күшейту мен экономикалық әл-ауқатын арттыруға бағытталғанын ерекше атап өтті.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.
«Nur Otan» партиясы Төлеби ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді