Inicio Қоғам КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ БІРЛЕСКЕН РЕЙД ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ҚАРСЫ БІРЛЕСКЕН РЕЙД ШАРАЛАР ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысының Полиция Департаменті және Түркістан облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірге Кентау қаласына қарасты Ынтымақ елді мекені маңында заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы бірлескен рейдтік іс-шара өткізілді.

Бақылау жұмыстары барысында Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 наурыздағы «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» № 349 бұйрығына және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне» сәйкес, жалпы саны 20 қоғамдық көлікке рейд жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, заңбұзушылық деректері тіркелмегендіктен, әкімшілік хаттама толтырылмады. Бұл заңсыз тасымалдаумен айналысатын қоғамдық көліктердің саны азайғанын білдіреді.

Айта кетсек, алдағы уақытта да мұндай бірлескен рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.