Inicio Басты жаңалықтар КЕЛЕСТІК ДЕПУТАТТАР АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

КЕЛЕСТІК ДЕПУТАТТАР АРЫС ТҰРҒЫНДАРЫНА ДАСТАРХАН ЖАЙДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының мәслихат депутаттары ұйымдасып, Арыс қаласында орын алған қайғылы жағдайдан зардап шеккен 12 сектор аумағында орналасқан тұрғындарға дастархан жайып, ас берді. Асқа облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков арнайы келіп, Арыс халына деген ерекше ықыласы үшін Келес аудандының халық қалаулыларына алғысын айтты. Сондай-ақ Келес ауданының бас имамы Айдарәлі Садиковта жиылған тұрғындарға сабырлық, шүкіршілік жайында насихат айтып, Құран оқылды. Арыстықтар үшін дұға етілді. Келестік депутаттардың қайырымдылық асына белсене қызмет еткен аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарына аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков алғысын білдірді. Сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға Келестік депуттар тарапынан қаржылай көмек берілді. Көңілдеріне жылулық сыйлап қастырынан табылған Келес халына Арыстық тұрғындар ризашылығын білдіріп тарас-ты.