Inicio Басты жаңалықтар ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес жетінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс тоғызыншы сессиясы 2023 жылғы 5 желтоқсан күні сағат 11:00 де қала әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.
Мекен-жайы : Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, қала әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 5 желтоқсан күні сағат 10:30 дан бастап жүргізіледі.

Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

Түркістан қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасмалдауға сараланатын тарифті келісу туралы;

Түркістан қаласы әкімдігінің дербес құрамын бекітуге келісім беру туралы.Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.