Түркістан базарында 120 -150 теңгеден сатылып жатқан пияздар, 1-мамыр мерекелік іс-шарасының барысында ұйымдастырылған жәрмеңкеде 53 теңгеден сатылымға шықты. Күнделікті тұтыну тауарлары мен азық-түлік өнімдері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзандатылып сатылды. Мәселен, картоптың келісі 75 теңге, сәбіз 70 теңге, макарон 150 теңге, күріш 194 теңге шекер 220 теңге, сиыр еті 1250 теңгеден сөрелерге қойылды.
Жалпы бүгінгі күні Түркістан қаласында 14 әлеуметтік дүкен халыққа қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, мереке күндері облысқа қарасты аудан-қалалардан келген шаруалар өз өнімдерін тұтынушыларға арзан бағамен ұсынуда.