Ағымдағы жылғы 22 қыркүйек күні Сауран ауданы, Қосмезгіл елдімекеніндегі «Қызыл Әскер» жалпы орта мектебінде діни сауаттылықты арттыру және ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында түсіндіру бойынша мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Жанадилов, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Б.Өтеген, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы И.Әжіхан, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке, аудандық Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағасы Т.Ақай, ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары, Сауран ауданының бас имамы Т.Сейдалиев, аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков, мектеп директоры Қ.Қалиев және мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында теолог Бердуали Отеген діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни терминдер туралы тұрғындарға толық мағлұматтар берді.
Сонымен қатар, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Ақай осындай кездесулердің маңызы зор екендігін және оқушыларға түсіндіру іс-шараларын көптеп ұйымдастыру қажеттігін айтты.
Ауданның бас имамы Т.Сейдалиев діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану керектігі жөнінде түсіндірді.
Аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков ұлтаралық татулықты сақтау – ел тұрақтылығының кепілі екендігін айтты.
Кездесу соңында Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Жанадилов қатысушыларға кездесуге келгені үшін алғыс білдіріп, кездесуді қорытындылады.
Аталған кездесу аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілді.