Жүйнек ауылдық округінде “Ахли Ислам” Құран жаттау орталығының футбол алаңында Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен
Түркістан облысының дін қызметкерлері арасында футболдан турнир өтті. Сайыс “18 қазан – Рухани келісім” күніне орай дін қызметкерлері арасында ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирге облыс көлеміндегі қала, аудандардан 12 футбол құрамасы қатысты. Олар Сауран, Созақ, Бәйдібек, Түркістан, Төлеби, Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Шардара және Отырар аудандарының командалары.
Аяқ доп шеберлерінің арасында өткен сайыста кіл жүйріктер анықталды.
Жарыс қорытындысымен Сарыағаш ауданының құрамасы бірінші орынды, Саурандықтар екінші орынды иеленіп, Түркістан қаласының командасы үшінші орынға тұрақтады. Созақ ауданына ынталандыру жүлдесі табысталды. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Созақ және Сарыағаш командалары марапатталды.