Ағымдағы жылғы 22 қыркүйек күні Түркістан облысы Сауран ауданы, Аша елдімекеніндегі «Т.Айтжанов» атындағы жалпы орта мектебінде діни сауаттылықты арттыру және ұлтаралық татулықты нығайту мақсатында түсіндіру бойынша мектеп оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесуге Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Т.Жанадилов, облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Б.Өтеген, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы И.Әжіхан, Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі М.Қалеке, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов, ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары, аудандық Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков, адами әлеуетті дамыту бөлімінің мамандары, мектеп директоры М.Жұмабаев және мектеп оқушылары қатысты.
Кездесу барысында теолог Бердуали Отеген діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, діни терминдер туралы тұрғындарға толық мағлұматтар берді.
Сонымен қатар, аудандық Ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Жарылқасынов оқушыларға түсіндіру іс-шараларын көптеп ұйымдастыру қажеттігін және діни рухани тәрбиенің рөлі зор екендігін айтты.
Аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков ұлтаралық татулықты сақтау – ел тұрақтылығының кепілі екендігін айтты.
Кездесу соңында мектеп директоры М.Жұмабаев қатысушыларға кездесуге қатысқаны үшін алғыс білдіріп, кездесуді қорытындылады.
Аталған кездесу аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі және ішкі саясат бөлімінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылды.