Inicio Білім ТҮРКІСТАН: «ТАПСЫРМАЛАР МЕН МІНДЕТТЕР МІНСІЗ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС»

ТҮРКІСТАН: «ТАПСЫРМАЛАР МЕН МІНДЕТТЕР МІНСІЗ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС»

Мемлекет басшысының тапсырмасымен мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобалар форматына өтуге байланысты, бүгінде қабылданған «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы аясында атқарылып жатқан іс-шаралар мен нақты міндеттер жетерлік. Осы орайда өзіміздің жергілікті ғалымдарымыздың қазіргі таңдағы өзекті ғылыми бағдарламалар жайлы ойларын айқын білу үшін Индира Оразғалиқызы Аймбетовамен жүргізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Еліміздегі заманауи өзгерістер, тұрақты дамудағы жаңа стратегиялық бағыттар білімге қойылатын талаптарды арттыруда. Осыған сәйкес білім беруді модернизациялау бойынша білім саласында қандай жұмыстар атқарылып жатыр? «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы жайлы айта кетсеңіз.

– «Кез келген ұлттың өсіп-өркендеуіне, күш-қуаты мен бақытының дамуына білім беру саласынан артық ештеңе көмектесе алмайды», – деп Т. Джефферсон (АҚШ президенті) айтқандай, әлемнің ғылым мен білім технологияларының жедел дамыған уақытында еліміздің білім саласының түбегейлі өзгерістерді үздіксіз қажет етуі заман талабы екенін түсіну қажет. Осы бағытта Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов мырзаның басшылығымен орындалып жатқан жұмыстардың нәтижелері қазіргі уақыттың өзінде біршама оң көрсеткішке ие болуын мойындау қажет. Бұл әрине менің субъективті ойым, бірақ мен сұхбаттасып жүрген педагогтар қоғамының өкілдерінің көпшілігі осы ойға қосылады. Соңғы жылдары пандемия кезінде білім беру саласына үлкен сынақтарды ала келді. Ғаламдық кризис білім саласының приоритеттік бағытына заманауи білім беру технологиялдардың және мұғалімнің сапалық қасиеттеріне үлкен өзгерістер қажет екенін байқатты. Оқушылар мектеп қабырғасында емес, үй жағдайында дистанциялық білім алуы педагогтар қауымының іріктелуін, олардың сапалық бағытта деңгейленуін анықтап берді. Яғни, үй жағдайында оқыған балалардың мүғалімнің талабын орындау деңгейі білім саласындағы приоритеттік сананың фундаменталды өзгерісін қажет ететіні байқалды. Себебі білімгерлердің деңгейлері тек қана міндетті тапсырма орындаумен, оның сапалық жағын сипаттаудан бұрын, цифрлық құралдармен тез есеп беру ғана деңгейімен шектелді. Ары қарай ізденіп, оқу туралы түсінік балаларда болмады. Ал кейбір мұғалімдер балаға тапсырма беріп, оның қаншалықты сапамен орындалғанын ескермейтіндері де бар. Тек қана орындалды деген белгі үшін жұмыс істейтін мұғалімдер бар екенін мойындау керек. Осы орайда жасалып жатқан министрліктердің іс-шаралары педагогикалық процес қатысушыларының сапалық деңгейін айқындайтын, заманауи талаптарға сай даму тенденцияларын меңгеретін мұғалім мен білімгерлерге бағытталған шаралар жасалуда.

Кез келген әлемдік кризистер түрлі мәселелердің бетін ашып беретіні және жаңа мүмкіндіктерді бағытын айқындайтыны табиғи құбылыс. Сондықтан білім саласында жасалынған іс-шаралар мен олардың орындалуына сипаттама берсек, мысалы академиялық ашықтық пен адалдық мәселесіне көңіл бөлінуі; Алтын белгі иегерлері білім деңгейлерін анықтау үшін Назарбаев зияткерлік мектептерінде емтихан тапсыруы, мектеп оқушысының әлеуметтік-қоғамдық жағдайын анықтайтын  «Балаға  лайық» республикалық акциясының жүргізілуі, мамандандырылған мектептерге түсу үшін әлеуметтік осал отбасылардың балалары үшін жаңа 15% квотаның енгізілуі, орта білім мекемелеріне арналған оқу материалдарының сапалық қасиеттерін сипаттайтын педагогикалық талаптардың жоғарылауы; жоғары білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ауыл мектептерінің түлектері үшін 35% – ға дейін квота деңгейінің жоғарылауы, психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар орталықтарының ашылуы, мектептің материалды техникалық базасының жетілдірілуі (халықаралық PISA бағдарламасы нәтижесі негізінде); өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарының қызметі, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған адамдарды медициналық-әлеуметтік есепке алынуы; әлеуметтік көмектің жаңа түрлері – аз қамтылған отбасылар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет және көп балалы отбасылар үшін мемлекеттік жәрдемақы енгізілуі тағы сол сияқты іс-шараларды айтуға болады. ЖОО деңгейіндегі жасалып жатқан білім беру деңгейін арттыратын іс-шаралар деңгейі де қарқынды жүруде.

Осы орайда «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы мектепке дейінгі, орта мектептегі және ЖОО бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды бағдарлама. Мұндағы негізгі бес міндет білім беру бағытының барлық саласын қамтиды, яғни, ­­мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету; орта білім беру сапасын арттыру; мектептерді жайлы, қауіпсіз және заманауи білім беру ортасымен қамтамасыз ету; қолжетімді және сапалы техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету; Қазақстандық ЖОО-ның бәсекеге қабілеттілігін арттыру – еліміздің білім деңгейін арттыруға септігін тигізетіні анық.

«Педагог мәртебесі туралы» Заң өзекті мәселелердің шешімін табуға бағытталған саяси қадамдар, мұнда педагогикалық мамандықтарға оқуға түсу үшін шекті балды күрт арттыру, педагогтерді аттестаттау мен тестілеудің жаңа жүйесін енгізу және жетілдіру, ЖОО түлектерінің кәсіби жарамдылығын айқындау мақсатында білімін бағалау емтиханын тапсыруды міндеттеу, жұмысқа конкурстық қабылдау жүйесін енгізу – білім саласындағы перспективалық атаулы өзгерістер деп айтуға болады.

– Инклюзивті ортада балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған ұйымдардың жұмыс істеу деңгейі қандай?

– Әрбір бала өзінің жеке ерекшелігіне тәуелсіз, өзінің қабілетіне қарай білім алуға құқылы. Мемлекетіміздің экономикалық жағдайы, адам құндылықтарының деңгейі ретінде әрбір азаматтың, оның ішінде инклюзивті білім алуды қажет ететін әрбір баланың әлеуметтік жағдайын жасаумен бағалауға болады. Посткеңестік кеңістіктегі аумақта біздің елімізде бұл бағытқа аударылған педагогикалық және әлеуметтік көлемі ең жоғары деңгейде. Мысалы көршілес елдерде осы топтағы балаларға педагогикалық көмек деңгейі өте аз жүргізіледі. Кез келген нәтиже салыстырмалы тұрғыда анықталады. Сол себепті пессимисттік көзқараспен сынайтын объектілер осы ұстанымды ұмытпаса деймін. Бұл бағыттағы  жүргізіліп келе жатқан шараларды атасам, инклюзивті білім беруге жағдай жасаған мемлекеттік жалпы білім беру мектептерінің деңгейі жоғарылады. Бұл саладағы шешімін табуды қажет ететін негізгі мәселелер: инклюзивті білім беру шеңберінде педагогикалық ұжымның дайындығының төмендігі, жеңіл ақыл-ой кемістігі және ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін қажетті әдістемелік әдебиеттер мен оқулықтар санының кемшілігі. Ең басты мәселе бұл ерекше білімді қажет ететін балаларға әлеуметтік кедергілерді жою, яғни қазіргі кездегі мектеп, ЖОО деңгейіндегі күрделі психологиялық-педагогикалық ахуалды айтуға болады. Мұнда мектептің академиялық саясаттарын, жұмыс тәжірибесін және қоғамдық сананы қалыптастыратын түрлі тәрбиелік шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ету басты орында болу керек. Статистика деңгейлері мен жылдық көрсеткіштерді сараптасақ инклюзивті білім беру жағдайларын жасаған облыстардың ең төменгі деңгейі Түркістан, Қарағанды және Алматы облысын айтуға болады. Әрине, бұл облыстарда оқушылар контингенті де жоғары екенін ескеру керек.

Осы топтағы әрбір оқушыға жеке жағдай жасау қиындық туғызады, себебі ерекше білім беру қажетттіліктерге (ЕБҚ) ие оқушылар мен ағымдағы оқу процесіндегі білімгерлерге әдістемелік дайындық үлкен күшті қажет етеді, себебі мұғалім кем дегенде бала санына қатысты соншама білім беру бағытын жасауы керек. Ерекше балалар тобы оқу бағдарламасымен бөлінген уақытта толық әрі сапалы игере алмайды, бос қалған білім пробелдерін қосымша сабақтармен өтелмейтінін жасырмау қажет. Әрине, ерекше балаларға ата-аналары оқытуға көмектесуі қазіргі экономикалық жағдайда мүмкіншілік аз, себебі ата-ана баласын әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп көңіл бөледі, ал қалған шараларға жағдайлары жетпейді, және де педагогикалық сауаттылықтары да ақсайды. Мектептің әдістемелік қызметін ескерсек, білім алушылардың диагнозына сәйкес арнайы дидактикалық және әдістемелік әдебиеттер мен оқулықтар жоқ.

Балалардың оқу жетістіктерін айқындауды қамтамасыз ететін, бағалау әдістемелерін жасау аса маңызды. Балалардың инклюзивтік категорияларының барлық деңгейлеріне жетекшілік ететін, мұғалімдер үшін инклюзивті білім беру туралы жалпы білім беретін курстар және мұғалімдерге педагогикалық процесті жоспарлауды, әдістемелік бағытты дұрыс таңдауды құруға көмектесетін мамандар қажет. Әлемдік тәжірибеде бакалавриат деңгейінде инклюзивті білім беру мамандарын дайындау өте төмен.

Сондай-ақ, арнайы оқу құралдарымен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі шешімін қажет ететін мәселе. Мәселен, көру қабілеті нашар балаға бағытталған компьютерлер, дене кемістігі бар балаға арналған оқу-жұмыс орны қамтамасыз етілмеген. Жалпы мектепте мамандандырылған кабинеттер мен компьютерлік техниканы толық жаңарту талап етіледі. Инклюзивті білім беру бағдарламалары бар мектептерге арнайы жабдықтардың қажеттілігіне байланысты балаларға қосымша қаражат қарастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Себебі, жыл сайын ерекше білім беру жағдайды қажет ететін бар балалар саны тұрақты өсуде. Соңғы үш жылда 8,8% өсті. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру бағыты бойынша  жалпы білім беретін мектептерде оқытуды қамтамасыз ету саясаты жүргізілуде. Осыған байланысты жалпы білім беретін мектепте оқып жатқан ЕБҚ балалар санының біртіндеп өсуі байқалады (28,8%).