Inicio Басты жаңалықтар Жетісай ауданында «eQonaq» ақпараттық жүйесі іске қосылды

Жетісай ауданында «eQonaq» ақпараттық жүйесі іске қосылды


Түркістан облысында туризм саласын дамыту мақсатында біршама жұмыстар жоспарланып, қолға алынуда. Осыған сәйкес, қалаға келген туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі Жетісай қаласында да іске қосылды.
Қазіргі таңда көші-қон қызметі заңнамасының сақталуын бақылауда ұстап, полиция қызметін онлайн түрде платформалау жан-жақты жүзеге асырылуда. Яғни мегаполиске келген туристер енді бұрынғыдай көші-қон полициясына барып немесе “Еgov” порталына кіріп уақыт жоғалтпай, жәй ғана ұялы телефон арқылы тіркеле алады. Бұл туристердің келу, кету әрекеттерін бақылап, тұрақтаған азаматтарды есепке алып, олардың қандай да қажеттіліктеріне сай қызмет көрсетуге арналған жаңаша бағдарлама.