Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Ы.Алтынарин атындағы №1 мектеп-гимназиясында 10-12 наурыз аралығында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы аясында 10 наурыз күні 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен мәжіліс залында жиналыс болып өтті.
Жиналысқа мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Т.Омаров, Г.Бахалиева, мектеп инспекторы А.Бектибаев қатысты. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгі мерзімде ата-аналарының қарауынсыз жүруінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектепішілік есепте тұрған оқушылармен мектеп инспекторы А.Бектибаев жеке жеке түсіндірме жұмыстарын өткізді.