Inicio Басты жаңалықтар Түркістан: «Жол картасы» аясындағы жұмыстар қалай өрбуде?

Түркістан: «Жол картасы» аясындағы жұмыстар қалай өрбуде?

Қоғамдық кеңестер өңірдегі өзекті мәселелерді ашық әрі нақты айтып, оның шешу жолдарын ұсынулары керек. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы филиалы жанындағы Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағаларымен кездесу мәжілісінде айтылды. Мәжіліске «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев төрғалық жасап, жүргізіп отырды.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының 2025 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша Түркістан облысы бойынша 1028 мүшеден құралған 146 қоғамдық кеңес құрылды. Оның 12 қоғамдық кеңесі облыстық партия филиалы жанынан құрылса, қалған 141-і аумақтық филиалдарда құрылды. Бүгін баршаңызды жинап, кездесіп отырғандағы мақсатымыз – Жол картасы аясындағы жұмыстарды талқылау, кеңестердің жоспарымен танысу», – деді Бейсен Дәулетұлы.

Сондай-ақ, жиында қоғамдық кеңес төрағалары ұсыныстарын ортаға салып, сайлауалды бағдарламаны орындаудағы мәселелерді қозғады. Партияның бағдарламасы өңірдің дамуымен тікелей байланыста екенін айтқан олар бұл бағытта қоғамдық қадағалауды күшейтетіндерін жеткізді. Қазіргі таңда облыстық деңгейдегі Жол картасында 26 негізгі көрсеткіш пен 128 іс-шара болса, оның әрбіріне облыстық мәслихаттың депутаттары, фракция мүшелері жетекші ретінде бекітілген. Жалпы облыс бойынша 17 Жол картасында 2021-2025 жылдар аралығында 1623 көрсеткіш пен 7497 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 2021 жылы 1865 іс-шара мен көрсеткіштер жүзеге асырылып, Жол карталары 20,4%-ға орындалады деп межеленген.